{metadescription}
Қаржы министрі АЭС референдумына көп қаражат кетпейді деп болжады
Қаржы министрі АЭС референдумына көп қаражат кетпейді деп болжады

Қаржы министрі АЭС референдумына көп қаражат кетпейді деп болжады

«Көп қаражат кетпейді». Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев атом электр стансасының құрылысына қатысты референдум өткізуге жұмсалатын қаржы бұған дейінгі референдумнан аз болуы керек деп болжап отыр.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- ОСК өтеді деп айтса, олар алдымен бюджет процесі бойынша бізге тиісті тапсырыс береді: осынша қаражат керек, осындай аумақтарда сайлаушылар комиссиясы ұйымдастырылады деп. Бірақ ол есептеулерді алмай тұрып, мен алдын ала қалай айтамын? Мүмкін одан аз болар, мүмкін басқа әдістер қолданылар, сондықтан сондай үлкен қаражат кетеді деп ойламаймын.

Әзірге нақты шешім жоқ. Дегенмен Орталық сайлау комиссиясы науқанға сақадай-сай дайын. Комиссия мүшесі Шавхат Өтемісов сайлаушылар тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыс жан-жақты ескерілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы биылғы жолдауында елімізде АЭС салуды референдум нәтижесіне сүйеніп шешу керегін айтқан. Саяси маңызды шара биыл өтуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.