Ринат Зайытов мектепте орыс әдебиетін терең оқытып жатқанын түсінбей отыр
«Барып тұрған абсурд». Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мектеп оқушыларын қазақ әдебиетінен гөрі, орыс әдебиетін тереңдетіп оқытып жатқанын түсінбей отыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
06.09.2023
«Мүмкіндікке толы заманда мектеп бағдарламасына әлем әдебиетін енгізген әлдеқайда дұрыс» дейді мәжілісмен. Ал орыс әдебиетіне бұрынғыдай екпін қойып оқытудың қажеті жоқ деп санайды. Себебі қазақ әдебиетінің өзі мектептерде тиісті деңгейде оқытылмай жатыр. Айтыскер ақын бірінші кезекте өз әдебиетімізге назар аударып, толық дамытып алуымыз керек дейді. Жалпы, мектептегі әдебиет сабағына қатысты сын көптен бері айтылып жүр.
Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:
- Біздің балалар әлем әдебиетін оқу керек. Себебі Кеңес үкіметі кезінде бәлкім біздің орталығымыз Мәскеу болған кезде маңызды болған шығар. Ал қазір заманның кең шағында барлық әлем әдебиетімен танысатын мүмкіндік бар кезде біз міндеттеп, мектептерге "тек қана осы әдебиетті оқисыңдар" деп, басқа бір мемлекеттің әдебиетін дамытамыз деп оны ұрпақтың санасына сіңіру ол қате деп ойлаймын. Өйткені біздің өзіміздің әдебиетіміздің өзі әлі толық мектепте тереңдетіліп, тиісті деңгейде оқытылып жатқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!