{metadescription}
Құлсарыда жаппай төбелес болып, 23 адам ұсталды
Құлсарыда жаппай төбелес болып, 23 адам ұсталды

Құлсарыда жаппай төбелес болып, 23 адам ұсталды

Құлсарыда жаппай төбелес болып, 23 адам ұсталды. Барлығы да шағын шаһардың тұрғындары. Олар топ топқа бөлініп алып, бірін бірі аяусыз соққыға жыққан.

Жастар шағын шаһардың дәл орталығын шайқас алаңына айналдырған. Бір-біріне тас, шөлмек лақтырып, маңайдың астан-кестеңін шығарды. Тіпті, әрі-бері өтіп жатқан көліктерге де шабуыл жасаған. Тәртіп сақшылары түнгі тыныштықты бұзған жиырмадан астам бұзақыны ұстады. Оның сегізі жасөспірім. Қазір қоғамдық тәртіпті бұзғандардың ата-аналарына айыппұл салынып, кәмелет жасына толғандарға қылмыстық іс қозғалды дейді полицейлер.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

- 23 азамат, оның ішінде сегізі жасөспірім екендігі анықталды. Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондайақ, 8 жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде