{metadescription}
Мәжілісте Көлсай ұлттық паркінің қазіргі жайы айтылды
Мәжілісте Көлсай ұлттық паркінің қазіргі жайы айтылды

Мәжілісте Көлсай ұлттық паркінің қазіргі жайы айтылды

Қоқыс алаңына айналып бара жатқан қорық! Көлсай ұлттық паркінің қазіргі жайы бүгін Мәжілісте айтылды. Кәсіпкерлер рұқсат етілмеген жерге қонақүй, бассейн, дәмхана салып Көлсайдың көркін қашырып жатыр деп дабыл қақты депутаттар.

Данияр Қасқарауов қорық аумағындағы ең шұрайлы жерлер жекенің қолына өтіп кеткеніне әрі оның мақсатсыз пайдаланып жатқанына қапалы. Ал басында ол жерлер ауыл шаруашылық мақсатқа яғни шабындық пен жайылымға деп берілген екен. Ал қазір оңды-солды құрылыс жүргізіп жатқандарды құзырлы орындар да тексеріп, шара қолдануға құлықсыз көрінеді.

Тек соңғы бір жарым жылда Жетісудың жауһары, еліміздегі жеті кереметтің біріне баланған «Көлсай» көлдеріне миллионға жуық турист келіпті. Ал көптің көңілінен шыққан көлдің айналасында бос жер жоқ. Айналада үш жүздей киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Ешқайсысында дәретхана жоқ. Таулы аймақта кәріз жүйесі болмағандықтан шайынды сулар мен нәжіс далаға төгіліп жатыр.

Ерекше қорғауды қажет ететін аумақты арнайы комиссия құрып тексеру керек дейді мәжілісмен.

Данияр Қасқарауов, Мәжіліс депутаты:

- Медеу мен Шымбұлақ шатқалдарына тек электромобильдердің кіруіне ғана рұқсат берілген. Көлсайға да сондай шектеу енгізбесек, енді 56 жылда еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз. Осы ретте жалғыз Көлсай емес, барлық Ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ жылға жалға берілген барлық жерлердің заңдылығын тексеріп, мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде