{metadescription}
Алматы облысында атыс болып, бір адам өліп, төртеуі жараланған
Алматы облысында атыс болып, бір адам өліп, төртеуі жараланған

Алматы облысында атыс болып, бір адам өліп, төртеуі жараланған

Алматы облысында атыс болып, бір адам көз жұмды. Қарулы қақтығыстан тағы төрт адам жарақат алған. Оқ тиген екеуі қазір ауруханада жатыр.

Нұрлан Әжібеков, Іле ауданы орталық ауруханасы директорының орынбасары:

- Екі науқас түнгі сағат он екі жарымда келіп түсті. Екеуінде жамбасынан жараланған. Кеудесінен жарақат алған. Оқ атқан. Науқастардың жағдайы қазір тұрақты, орташа ауыр. Травматология бөлімінде емделуде. Жасы, шамамен, біреуі 96жылғы, екіншісі 93-жылғы.

Қайғылы оқиға кеше түнгі сағат он жарым шамасында Жетіген ауылында болған. Елдімекеннің қақ ортасында бір топ жігіт жанжалдасқан. Куәгерлердің сөзінше, төбелестің соңы атысқа ұласыпты. Үш адамға тегіс ұңғылы мылтықтың оғы тиген. Оның біреуі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырыпты.

Полиция қарулы қақтығысқа қатысқан бес күдіктіні ұстап, «адам өлтіру» және «бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары тергеуді бастап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Атыс болған ауыл толық бақылауға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде