{metadescription}
Роман Скляр: «Арселлор Миттал Теміртау» ресейлік компанияға сатылмайды
Роман Скляр: «Арселлор Миттал Теміртау» ресейлік компанияға сатылмайды

Роман Скляр: «Арселлор Миттал Теміртау» ресейлік компанияға сатылмайды

«Арселлор Миттал Теміртау» ресейлік «Северсталь» компаниясына сатылмайды. Келіссөздер де жүргізіліп жатқан жоқ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бүгін компания сатылады деген ақпаратқа қатысты осылай деді.

Әзірге кәсіпорынды дамытуға қаражат инвестициялай алатын инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Келісімшартқа қол қойылмаған. Ел үкіметі лайықты деп тапқан кандидатураның атын Скляр көпшілікке жариялаған жоқ. «Тараптар мәмілеге келгеннен кейін ғана барлық мәлімет айтылады» - деді вице-премьер.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сол себепті қауесетке сенбеңіздер. Шынымен де «АрселорМиттал Теміртау» жабдықты жөндеу, инвестиция құю бойынша міндеттемелерін орындамай отыр. Бұл кәсіпорындағы адам өлімімен байланысты қайғылы оқиғалар, әрине, бізді алаңдатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде