Ақтөбеде кәсібін жаңа бастағандар грантқа қатысты шу шығарды
Ақтөбеде кәсібін жаңа бастағандар қайтарымсыз грант беру тоқтады деп шу шығарды. Бюджеттен тегін ақша алуға үміттенген жас кәсіпкерлер бұл бағдарлама өзге облыстардың бәрінде бар дейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.09.2023
Ләйлә Жолдасқызы, Ақтөбе тұрғыны:
- Стартаптарға арналған ең керекті 5 миллионға дейінгі грантты бізден алып тастап отыр. Ақтөбе облысында қазір осылай. Соңғы Семей, Қарағанды, Тараз, барлық облыс ашылып жатыр. Тек қана Ақтөбеде жоқ. Бұл ақша қайда кетіп жатыр?
Әкімдік алдына жиналған жеке кәсіпкерлердің дені — қыз-келіншектер. Жыл басынан бері құжат жинап, жобамызды дайындадық деп ашынады. Бірақ биыл гранттың үлестірілмейтін естігенде салы суға кеткен. Бұған дейін жеке кәсіпкерлерге бес миллион теңгеге дейін грант беруге қаржы республикалық қазынадан бөлетін. Сұрауы жоқ ақшаға жыл сайын талас-тартыс күшейіп, арты дауға айналып отырды.
Биыл қаражат бөлу жергілікті биліктің мойнына жүктелген. Бірақ әкімдіктегілер грант таратудан кәсіпкерлік дамып кеткен жоқ дейді. Сондықтан биыл қазынадан бөлінген 40 миллион теңгені грантқа үлестіргенше, қайтарымы бар несие түрінде бергенді жөн деп шешкен.
Айбек Айтжанов, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының бөлім бөлім басшысы:
- Біз көп анализдерге байланысты6 көп алған гранттар жұмыс жасамай жатыр. Бұл тиімсіз болып саналады. Бұл қаражатты біздер ұлттық жоба шеңберінде басқа құрал қарастырылған. Жеңілдетілген несие деп айтамыз. Субцидиялау. Бұл ақша соған қарастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!