{metadescription}
Бурабайда Rixos қызметшілері жаппай астан уланды
Бурабайда Rixos қызметшілері жаппай астан уланды

Бурабайда Rixos қызметшілері жаппай астан уланды

Бурабайдағы бес жұлдызды Rixos қонақүйінің қызметшілері жаппай астан уланып қалды. Қазір медициналық көмекке жүгінген 17 адамның 9-ы Көкшетаудағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Қалғаны ем шараларын үйде жалғастыруда.

Тамақтан уланғандардың барлығы өздері жұмыс істейтін қонақүйде түскі ас ішкен. Дәрігерлер оларға бактериялық ішек инфекциясы деген диагноз қойды. Бірақ әзірге, қарапайым жұмысшылардың нақты неден уланғаны белгісіз. Оны тиісті органдар анықтап жатыр.

Rixos Бурабай қонақүйінде жұмыс істейтін менеджер, бірнеше аспаз көмекшісі, балалар демалысын ұйымдастырушы маманға дейін жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Олардың барлығы бес жұлдызды қонақүйде түстеніп, кешқұрым ауыра бастаған. Тіпті кейбірі үйіне әрең жетіпті. Бәрі түскі асқа «Оливье «салатын, күріш пен тауық етін жегенін айтады.

Әйгерім Жүсіпова, аспаздың көмекшісі:

- Мен сол күні ауыра бастадым. Автобуста басым айналып, құсқым келіп, автобустан түсіп кеттім. Үйге барғанда құсып, қызуым көтерілді. Қасыма леген қойып, лоқсып құсып, қызуым көтерілді.

Ауруханада жатқан 9 адам дәл солай ауырған. Бурабайдағы жалғыз бес жұлдызды қонақүй асының несі жақпай қалғанын өздері де түсінбей отыр. Өйткені бұрын-соңды ондай жағдай болып көрмепті.

Сәуле Жұматаева, Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығының басшысы:

- Тоғыз науқастың да ауру белгілері бірдей. Іш өту, құсу, дене қызуы көтерілу. «Оливье» салатын жегендерін айтады. Бәрі қонақ үй қызметшілері. Қазір жағдайлары орташа ауыр. Бактерияға қарсы емдеп жатырмыз.

«Rixos Бурабай» қонақүйінің әкімшілігі қызметшілері тамақтанған ас үйді көрсеткісі келмеді. Жаппай улану дерегіне қатысты да жарытып ештеңе айта алмады. Тек қызметкерлерімізге қашан да қамқормыз деп қысқа қайырды.

Йеспер Франсел, Rixos Бурабай қонақүйінің бас менеджері:

- Қазір різ ресми жауап күтіп отырмыз. Біз қызметкерлерімізге қамқорлықпен қараймыз, қандай көмек қажет болса да, қолдаймыз. Олардың және қонақтардың қауіпсіздігі барынша қарастырылған. Сараптама дайын болғанда хабарлайтын боламыз

Санитарлық дәрігерлер қонақүйдің 17 қызметкері бактериялық ішек инфекциясын жұқтырған дейді. Қазір 8 науқас үйіне жіберілген.

Әзірге қонақ үй қызметшілерінің неден уланғаны белгісіз. Санитар дәрігерлер мұндағы астан, судан сынама алып сараптамаға жіберген. Тек сараптама қорытындысы нан кейін ғана жаппай улану себебі белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде