{metadescription}
Қазақстан албан азаматтарына визасыз режим енгізеді
Қазақстан албан азаматтарына визасыз режим енгізеді

Қазақстан албан азаматтарына визасыз режим енгізеді

Қазақстан албан азаматтарына визасыз режим енгізбекші. Албания президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде бүгін осындай бірқатар келісімдер жасалды.

Байрам Бегайдың айтуынша, қазақ жеріне аяқ басқандардың басым бөлігі жұмыс визасымен келеді. Бұл өз кезегінде бірқатар қиындықтар туғызуда. Қазақстан азаматтары үшін де Албания туристік аймақ емес. Былтыр небәрі үш отандасымыз ғана турист ретінде барған екен. Визасыз режим осындай олқылықтарды жоюға үлкен мүмкіндік.

Албания мен Қазақстан туризмді ғана емес, энергетика, транспорт сияқты өзге де маңызды салаларды дамытуға мүдделі. Бұл ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу туралы ұсыныс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз Албанияны Балқан түбегіндегі өте маңызды серіктес ел ретінде қарастырамыз. Туризм, көлік, энергетика және басқа да салалардағы мүмкіндіктер туралы айта келе, астаналарымыз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Қазақстан өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін тағы да атап өткім келеді. Біз нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде