{metadescription}
Теміртаулықтар трамвай паркінің жабылуына қарсы шықты
Теміртаулықтар трамвай паркінің жабылуына қарсы шықты

Теміртаулықтар трамвай паркінің жабылуына қарсы шықты

Теміртаулықтар қаладағы «Арселор Миттал» компнаиясына қарасты трамвай паркінің жабылуына қарсы петиция әзірлеп жатыр. Алпыс жылда әбден тозған парк жұмысын жыл басында тоқтатқан.

Ал жұмыскерлерін металлургиялық комбинатқа орналастыру ұсынылыпты. Бірақ жұмыссыз қалғандар темір балқытуға икеміміз келмейді, біліктілігіміз де жоқ дейді. Сондықтан паркті тезірек жөндеп, трамвайларды жолға шығаруды сұрап отыр.

Өндіріс алпауыты бұл мекемені қалаға бере салуға дайын. Бірақ жергілікті билік паркті қала балансына тозған күйінде ала алмаймыз деп отыр.

Қанатбек Садырбеков, теміржол жөндеуші:

- Мен өзім 21 жыл жұмыс істеймін, жасымыз елуден асып кеткен. Зауытқа беріп жатқан жұмыс бізге қиын болады, өйткені біз трамвай паркінде қаншама жыл болды жұмыс істеп келе жатырмыз. Бізде еш білім жоқ. Трамвай паркін жаппаса екен. Қайта бізге көмектессін. Қайтадан трамвайлар алуға, жолын жөндеуге.

Теміртаудағы трамвай паркі 60 жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген, не техникалары жаңартылмаған. «Арселор Миттал» компаниясы оған қаржы салуға асыққан емес. Жыл басынан бері модернизация жасалады дегені әзірге сөз жүзінде қалып отыр дейді. Тіпті өндіріс алпауыты мекемені қаланың балансына беруге де әзір көрінеді. Бірақ келісім бойынша осы күйінде емес, жаңғыртып барып өткізуі керек. Алдын ала болжам бойынша, трамвайларды жаңартып, темір жол мен электр желілерін жөндеуге 13 миллиард теңге қажет. Бірақ бюджетте ондай ақша жоқ. Сондықтан Теміртау билігі «Арселордың» қабағына қарауға мәжбүр.

Гүлнұр Әбдіғалива, Теміртау қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Бүгінде электр желілері, теміржол және жылжамалы құрам жүз пайызға тозған. Пайдалануға жатпайды деген сараптамалық техникалық қорытынды бар. Қала трампаркті толық жаңырту және техникалық жарақтандыру шартымен коммуналдық меншікке алуға дайын. Қазір «Арселор Миттал Теміртау» АҚ трамвай паркі бойныша жобалық шешім дайындауда. Содан кейін иесімен келіссөздер жалғасатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде