{metadescription}
Семейде ескі үйде тұрып жатқандар шу шығарды
Семейде ескі үйде тұрып жатқандар шу шығарды

Семейде ескі үйде тұрып жатқандар шу шығарды

Семейде ескі үйде үреймен өмір сүріп жатқан тұрғындар шу шығарды. Олар 85 жыл бұрын салынған үш қабатты үйді апатты деп тануды талап етуде. Іргетасы шөгіп, қабырғасы сыз тартқан баспанада жайлы өмір сүру мүмкін емес дейді жиналғандар.

Себебі тозығы жеткен ескі үй алдағы қысқа да дайын емес. Жылу құбырлары шіріп, әр жерінен су сорғалап тұр екен.

Үш қабатты баспананың тұрғындары үйлеріне кіруге қорқады. Ескі үйдің сылақтары опырылып, қабырғалары қақырап кеткен. Жұрт үйінді астында қаламыз ба, деп алаңдаулы.

Бұл үйдің іргетасы 85 жыл бұрын қаланған. Қазір ескі үйдің әбден тоз-тозы шыққан. Іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақырап шаңырағы ортасына түскелі тұр. Сондықтан ондағы 30 отбасының көбі баспансын тастап кетуге мәжбүр болған. Енді жетім бұрышты жағалап жүргендер, жергілікті биліктен қайыр жоқ деп өкпелі.

Салтанат Дүйсенова:

- Қорқамыз. Қатты жарылып кетті. Төбеден су ағады. Іш жақтары үгітіліп құлап жатыр. Әкімдікке тұрғындардың бәрі барып арыз жазды. Бірақ ешқандай көмек жоқ.

Ал барар жері, басар тау қалмағандар шұрық-тесік қабырғаларды жамап-жасқап отыр. Сегіз жыл бұрын жасалған жылу құбырларының тозығы жеткен үй қысқа да дайын емес.

Айнұр Кәрімова:

- Суық. Ешқандай жылу көргем жоқ. Бәрі ескі. тозып кеткен. Бәрі шіріп жатыр. Ана жолы шақыртқанда ешқандай құрылғысыз келді. Ананың бәрін жасау үшін жаңа құрылғы керек деп кетіп қалды.

Жауапты мамандардың уәжі басқа. Тіпті олар көмек сұрап келген жұрттың бірін көрмедік деп ақталды.

Сондай-ақ баспананың тоз-тозы шығуына дер кезінде күтім жасамаған тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Ал апатты деп тану үшін баспана иелері арыз жазса, тексеруге шығамыз дейді әкімдік өкілдері.

Айман Көлбаева, Семей ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясының бас маманы:

- Апатты деп тану үшін тұрғын үй инспекциясына үй тұрғындары келіп өтініш қалдыруы керек. Аталған өтініш негізінде, мамандар үйге техникалық тексеріс жасауға тізімге қосады. Тексеріс мемлекет қаржысына жүзеге асады.

Көпқабатты үйде пәтер иелері кооперативі құрылмаған екен. Соның салдарынан мамандар баспана ешқандай мемлекеттік бағдарламаға іліге алмағанын алға тартты. Тиісінше6 шіріген жылу құбырларын да тұрғындар өз қаражатына жасатуы тиіс. Оған ақшамыз жоқ дегендер алдағы қысты үреймен күтіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде