{metadescription}
Құмар ойын орға жықты. Таразда банкир өз бөлімшесін тонаған
Құмар ойын орға жықты. Таразда банкир өз бөлімшесін тонаған

Құмар ойын орға жықты. Таразда банкир өз бөлімшесін тонаған

Құмар ойын орға жықты. Таразда бәс тігіп, қарызға белшесінен батқан банкир өзі басқаратын бөлімшені тонаған. Кассадағы 24 миллион теңгені алу үшін ол тіпті қол астындағы қызметкерді дәретханаға қамап күш көрсетіпті.

Полицейлер «банк тоналды» деген хабар түсісімен оқиға орнына жеткен. Бірақ 47 жастағы азамат дереу ізін суытып үлгерген. Осылайша оның оңай ұстатпайтынын сезген сақшылар бірден арнайы операция жасап, күдіктіге іздеу жариялады. Бұл уақытта банк басшысы қаладан қашып үлгермеген. Артынша шаһар сыртына шыға алмайтын біліп, амалсыздан полиция бөлімшесіне өз еркімен келіпті.

Тергеу барысында директор құмар ойынға құнығып қарызға белшесінен батқанын мойындады. Ұтылыстан көз ашпаған ол қолды қылған қаржы арқылы басындағы бес бірдей кредитінен құтылмақ болыпты. Қазір ақша түгел қайтарылып, ірі көлемде мүлік тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

- 191 бабы 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі мөлшерде жасалған тонау бабы бойынша қылмысық іс тіркелді. Спорттық құмар ойындарынан ұтылвп, қарызға батқанын айтты. Уақытша қамау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде