{metadescription}
Оралда үйлердің кіреберісін улы жәндік жайлаған
Оралда үйлердің кіреберісін улы жәндік жайлаған

Оралда үйлердің кіреберісін улы жәндік жайлаған

Оралда көпқабатты үйдің кіреберісін улы жәндік жайлады. Қарақұртқа ұқсас өрмекші өткен-кеткен адамдарға да атылады. Шошынған тұрғындар зиянкестер пәтерге кіріп кете ме деп қорқып отыр.

Надежда Любимова:

- Есік ашылыпжабылса немесе бір дыбыс шықса, тура атылады. Қазір күн суыса, мыналар пәтерлерге де кіріп кетуі мүмкін ғой. Не істерімізді білмейміз.

Оны тұрғындар таспаға түсіріп алған. Қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлерге бұлардың қайдан келгенін ешкім білмейді. Тұрғындар пәтер иелері кооперативі мен дезинфекторларға арызданған.

Ал бүгін таңертеңгілік өрмекшілер торымен қоса зым-зия жоқ болыпты. Оны кім тазалап кеткені белгісіз. Қуыс-қуысқа тығылып қалғаны болса, қайта шыға ма деген үрей де жоқ емес.

Арахнологтар бұл өрмекшілер қарақұрт емес дейді. Олар өзіне ін қазуға ыңғайлы топырақ пен құмдауыт жерлерді мекендейді екен. Ал подьездегілер ұқсас болғанымен, пішіні кішкене және зияны жоқ стеатода деген түрі.

Әліби Қабдрахманов, М.Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми қызметкері:

- Бұлар бірбіріне ұқсас өрмекшілер, бір тұқымдасқа жатады, сол себепті де көп адам оны шатастырады. Ол ешқандай да қарақұрт емес. Стеатод деген қарақұрт тұқымдасының бір түрі. Одан қорқып қажеті жоқ, өйткені оның уы адамға қатты әсер бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде