{metadescription}
Боралдай ықшамауданында шешілмеген мәселе шаш етектен
Боралдай ықшамауданында шешілмеген мәселе шаш етектен

Боралдай ықшамауданында шешілмеген мәселе шаш етектен

«Әкімдік бізді ұмытты». Алматыда бүтін бір ықшамауданның тұрғындары назардан тыс қалдық деп қапалы. Жергілікті билік инфрақұрылымды жасамаған соң, жұрт өз күшімен жарық пен суды кіргізген. Жолға да ақша жинап, шама-шарқы келгенше жөндеген.

Бірақ тұрғын үй саны күрт көбейіп, барлық баспананы жарықпен қамтуға үш трансфарматордың күші жетпей жатыр. Ал электр қуатының аздығынан су мен газ да жиі өшіп, боралдайлықтар әбден қиналған.

Боралдай ықшамауданының тұрғындарын тұқыртқан мәселе көп. Бұқараның жанына ең бататыны электр қуатының аздығы. Жел тұрып жаңбыр жауса, жарық та өшеді. «Соның кесірінен тұрмыстық техника шетінен күйіп, балалар сабақ оқудан қалды», - дейді жұрт.

Әлия Бостанова:

- Күнара жарық өшеді. Өткен аптадан бері күнде жарық жоқ. Екіүш сағаттан, алдыңкүні кешке дейін болған жоқ. Барлығында бала бар. Мына жерде балабақша, мектеп жұмыс істейді. Ауру балалары бар үйлер бар, үлкен қариялары бар. Өте қиын. Тұрмыстық техника жанып кетті.

Боралдай ықшамауданында үш трансфарматор бар. Бірақ барлығы қоршалмаған, ашық-шашық жатыр. Күші 350-ден астам баспананы қамтуға жетпейді. Ал жарық сөнсе, тіршілік тұралап, су мен газ да өшеді. Қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Электр сымдары салбырап тұр. Жұрт балаларымыз абайсызда тоққа түсіп кетуі мүмкін деп қорқады.

Гүлназ Қожахметқызы:

- Қазіргі балалар телефонда отырғанның арқасында бұрыңғы кез емес, далада ойнап жүрген. Соның арқасында оған әзірге ешкім түсіп жатқан жоқ. Ашықшашыққа түсіп кетсе, кім жауапты береді? Әкім жауап бере ме, біреудің баласы өліп жатса. Оны жасап берсе, біз шуламаймыз ғой.

Бұрын Алматы облысына қараған бұл ықшамаудан 2015 жылы қала аумағына өткен. Соған қарамастан халық инфрақұрылымды түгел өз қаражатына жасапты. Баспаналарына тоқ тартқан, су жүргізген, жолды шама-шарқынша жамаған. «Назардан тыс қалдық» деген тұрғындар қашанғы өз күнімізді өзіміз көреміз деп ренжулі.

Бота Бақтиярова:

- Назар аударатын адам жоқ. Салық төлеуге келгенде қажетпіз де, шынтуайтына келгенде, мемлекетке қажет емес екенбіз. Әрине, халық өзі жасап жатыр. Естімейтін үкімет қайдан келеді мұнда. Әкім өз ауданында Боралдай деген ықшамауданның бар екенін біле ме?! Осы сұрақ мені таң қалдырады.

Алатау ауданының әкімі жұмыс орнында жоқ. Тілшілердің алдына орынбасары шықты. Ол Боралдай деген ықшамауданның бар екенін білеміз, барлығын кезең-кезеңімен жасаймыз деп құтылды.

Ертіс Бесіров, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

- Аудан әкімшілігі тарапынан қалалық энерго тиімділік басқармасына АЖК акционерлік қоғамына ұсыныстар енгізілген. Магистральдық желілер сегіз шақырымды құраған. Бес шақырым су, үш шақырым кәріз жүйесі. Тарату желілері дейміз, энергетика басқармасы тарапынан жобасмета құжат дайындалған. Қазір мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Әкімдіктегілер су мен кәріз құбыры алдағы екі жылдың ішінде жүргізіледі деп сендірді. Ал тозығы жеткен трансформатордың мәселесін Алатау жарық компаниясының өкілдерімен бірлесіп шешуді жоспарлаған.

Бірақ боралдайлықтар сегіз жылда қол қусырып отырған аудандық атқамінерлердің айтқанына сенбейді. Сондықтан базынасын тікелей қала әкіміне жеткізуді ұйғарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде