{metadescription}
Астанада ерекше балаларға арналған тегін шеберлік сағаты өтті
Астанада ерекше балаларға арналған тегін шеберлік сағаты өтті

Астанада ерекше балаларға арналған тегін шеберлік сағаты өтті

Астанада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тегін шеберлік сағаты өтті. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың психоэмоционалды жағдайын жақсартып, ақыл-ойын дамытып, бейнелеу өнеріне деген ынтасын ояту.

Маңызы зор, пайдасы мол жобаның авторы кәсіби суретші Анастасия Жарко. Ол игілікке толы идеясын дарынды жастар арасындағы шығармашылық жобаларды іске асыруға арналған байқауда ұсынып, грант иеленіп, Нұрсұлтан Назарбаев қорынан қолдау тапты. Енді оның жетекшілігімен жыл соңына дейін 6-13 жас аралығындағы 125 бала шығармашылық әлеміне еніп, сурет өнерінің сүрлеулерінен өтетін болады.

Өзге де кәсіби суретшілер мен кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер мұғалімдері шеберлігімен бөліседі. Ал білікті мамандардың ерекше балалармен сабағы қызықты, һәм жеңіл өтуіне отандық және әлемдік суретшілердің еңбектері жинақталған галерея септігін тигізеді.

Жоба авторы шеберлік дәрісте үйренген дағдылары болашақта жұмысқа орналасуға пайдалы болатынын алға тартып отыр. Балаларының құлшынысын көрген ата-аналарыда дән риза.

Анастасия Жарко, жоба авторы, суретші:

- Біздің жоба балаларға кішкентай кезінен бастап шығармашылықпен айналысуға және болашақта өз өмірін өнермен байланыстыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Негізі мұндай дағдыларды игеруге біраз қаржы керек. Сол себепті біз жобаны толық тегін жасағымыз келді. Өнер саласындағы білім, біздің ойымызша, әсіресе балаларға қолжетімді болуы керек. Бұл мүмкіндікті сыйлағана Нұрсұлтан Назарбаев қорына алғыстан басқа айтарым жоқ.

Зарина Құдайбергенова:

- Менің балам төрт жарым жаста. Мүмкін бүгін баламның бойында жаңа талантты ашамыз, сол үшін бүгін керемет шебер сабағына келіп отырмыз. Көбінесе адамдардың, жануарлардың суретін салады. Атмосфера әдемі, басқа балалардың арасында қызығушылығы көп. Себебі басқа балалармен ойнағанды, олармен қарым‑қатынасты жақсы көреді. Бүгін балалардың арасында сурет салған оған одан да қызық болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде