{metadescription}
Отты ойлардың оғланы: Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті
Отты ойлардың оғланы: Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті

Отты ойлардың оғланы: Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті

Отты ойлардың оғланы. Алматыда драматург, журналист Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті. «Алтайдың кербұғысы» атанған жазушыны ұлықтау – ұрпақ парызы дейді ұйымдастырушылар.

Қаламгердің 80 жылдығына арналған әдеби кешке жерлестері, ақын-жазушылар мен әдебиетке құштар жастар қатысты. Жиналғандар Оралхан Бөкейдің шығармашылығы жайында түрлі әңгіме өрбітіп, көңілге сәуле түсіретін естеліктерімен бөлісті. Әдебиет өлкесіне өткен ғасырдың 40-жылдары келіп, шынайы туындыларымен оқырманды тәнті еткен жазушының мұрасы қазақ руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.

Оның қаламынан туған «Үркер», «Атау кере», «Қайдасың қасқа құлыным», «Мұзтау» және тағы басқа шығармалары мәңгілік өлмес дүниеге айналған. Шығармалары ағылшын мен орысшаға ғана емес, қытай, жапон, араб тілдеріне аударылған. Оралхан Бөкейдің кітаптары желісімен түсірілген фильмдер мен қойылған балет қаламгерді әлемдік деңгейге көтерді. 

Асхат Байұзақов, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры:

- Бұл кештің басты мақсаты – қазақ елінің журналистерінен, жазушыларынан шығармаларын кеңінен таратып, таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ол кісінің бүгінгі таңдағы сол мерейтойына байланысты еске алуы. Шығарған шығармаларын жаңғыртып, жастарға, жас буындарға, келешекке таныстыру.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде