ҰҚК Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіндегі жарылыстың алдын кескен
Қасиетті жерде қастандық жасамақ болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістандағы Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінде жарылыс жасауды жоспарлағандардың жолын кесті.
Автор: Айжан Шамшидин
08.09.2023
Құзырлы органның мәліметінше, қаскөйлер жарылғыш құрылғыны қолдан жасапты. Ал қастандықты жыл басында жоспарлаған екен. Нысанаға тек кесене емес, Астанадағы адам көп шоғырланатын орындар да іліккен.
Жылпы жыл сайын Қазақстанда кем дегенде екі лаңкестік шабуылдың жолы кесіледі дейді комитеттегілер. Осындай террористік қауіп әлі де сақталғандықтан, мамандар сақтық шараларын мейлінше күшейткен.
Руслан Сейсембаев, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:
- Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл Астанада адамдар жаппай жиналған жерде қарулы шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Соңғы жылдары Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде 80 лаңкестік шабуыл жасалған. Биыл олардың күрт өсуі байқалып отыр. Егер 2022 жылы 18 шабуыл болса, 2023 жылы 47 шабуыл жасалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!