{metadescription}
Бруцеллез: Қарағанды облысында үш ауданда ветеринария шектеуі енгізілді
Бруцеллез: Қарағанды облысында үш ауданда ветеринария шектеуі енгізілді

Бруцеллез: Қарағанды облысында үш ауданда ветеринария шектеуі енгізілді

Қарағанды облысында бруцеллез ауруы асқынуынан үш ауданда ветеринарлық шектеулер енгізілді. Осыған байланысты дәрігерлер де дабыл қаға бастаған. Өйткені аталған кеселдің малдан адамға жұғу жағдайы жылдағыдан көп екен.

Аша тұяқтыларға жабысатын ауру Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында анықталған. Ондағы Қусақ, Мәди және Мыңбаев ауылдарынан ет және сүт өнімдерін шығаруға тыйым салыныпты.

Ауырған 200-ден аса ірі қара ет комбинаттарына жөнелтілген. Әр бастың нарықтық құны өтеліп жатыр. Ауру ошағы анықталған малдардан әр екі апта сайын сынама алынып отыр.

Бруцеллездің адамға жұғу жағдайын санитар дәрігерлер де айтуда. Жыл басынан бері 19 адам бруцеллез жұқтырған. Олардың қызуы көтеріліп, ұйқысы қашып, белі ауырады. Дәрігерлер ірі қара өнімдерін ветеринария бақылауы бар базарлар мен дүкендерден алу керектігін айтады. Сақтық үшін ет пен сүтті ұзақ уақыт қайнатқан дұрыс дейді мамандар.

Айгүл Шәтекова, Қарағанды облысы санитария- эпидемиологины бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Эпидемиологиялық тексеріс барысында адамдардың 61 пайызы бруцеллезді жұқтыру көзі сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз тағамға пайдалану және оны жеке тұлғалардан сатып алғаны анықталды. 38 пайызы жағдайда мал иелерінде ауыл шарушалық жағдайында малбаққанда санитарлық нормалар мен ережелерді бұзып, уақтылы зертханада тексермегені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде