{metadescription}
Ринат Зайытов: 85 мың теңге түкке де жетпейді
Ринат Зайытов: 85 мың теңге түкке де жетпейді

Ринат Зайытов: 85 мың теңге түкке де жетпейді

«Тарықпай өмір сүру үшін ең төменгі айлық кемі 300 мың теңге болуы керек, бұлай болмаған жағдайда кедейлердің санын одан бетер арттырамыз» - дейді бүгін екі жылдық бюджетті талқылаған депутаттар.

Депутататтар мен жауапты министрлік өкілдері төменгі жалақыны өсіру тетіктеріне қатысты ортақ мәмілеге келе алмай, үш сағат бойы талқылады. Депутат Ринат Зайытовтың пікірінше, елімізде бекітілген ең төменгі жалақы - 85 мың теңге түкке де жетпейді. «Табыс өсті» деп бөркімізді аспанға атқанмен, айлығы шайлығына жетпей отырған отбасылар көп. Күнделікті қажеттіліктерді санап шыққан мәжілісмен, халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистикасы шындыққа сай келмейді деп, қаржы және еңбек вице-министрлерінің бетіне басты.

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

- Есепке алмаған шығындарымыз, дәрідәрмек, дәрумендер, канцеляриялық құралдар, ойыншық, демалыс, үй жиһазы, техника, азық-түліктен қой еті, сиыр еті, жылқы еті дегенді мүлдем жемейді, жеміс-жидек дегенді мүлдем жемейді, сары май дегенді, балық дегенді мүлдем жемейді, шампуньді мүлдем қолданбайды делік. Сонда сіздердің министрлігіңізге сұрақ, осы отбасы сонда қалай күн көреді?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде