{metadescription}
Аида Балаева: Бала мектепке қандай киім киетінін есейген соң өзі шешеді
Аида Балаева: Бала мектепке қандай киім киетінін есейген соң өзі шешеді

Аида Балаева: Бала мектепке қандай киім киетінін есейген соң өзі шешеді

«Бала мектепте ең алдымен сапалы білім алуы керек». Діни наным-сенімі мен қандай киім киетінін есейген соң өзі шешеді. Мәдениет және ақпарат министрі қоғамда қызу дау тудырған -мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

Елімізде дін бостандығына кепілдік беретінін атап өткен Аида Балаева мемлекеттік саясат діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттелетінін еске салды.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Қазір әлеуметтік желіде мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты талқысы тоқтар емес. Осыған байланысты діни салаға жауапты лауазымды тұлға ретінде, өз тарапымнан түсініктеме беруді жөн көріп отырмын. Құқықтықнормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді. Ал Конституциямыз бойынша мектептің міндеті ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету. Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе, діни нанымсенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде