{metadescription}
Ақтауда тұрғын үй кешені тәулік бойы жарықсыз қалған
Ақтауда тұрғын үй кешені тәулік бойы жарықсыз қалған

Ақтауда тұрғын үй кешені тәулік бойы жарықсыз қалған

Ақтаудағы «Аққу-3» тұрғын үй кешені бір тәулік бойы түнекте қалды. Жарықсыз қалған тұрғындар тіпті жол жабуға дейін барған. Осыдан кейін электр энергиясы берілді.

Бүгін наразы жұртпен әкімдік өкілдері кездесуге келді. Жиналған халық жиі сөнетін жарықтан бөлек, су, тұрғын үйдің бүлінген жерін жөндеу сынды мәселе көп дейді.

Бір күн жарықсыз қалған «Аққу-3» тұрғындары демалыс күні жолды жауып, наразылық білдірді. Себебі екі жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйде электр энергиясы жиі сөнеді екен. Осыған ашыған халық бұл мәселені түбегейлі шешіп беруді талап етуде.

Айтгүл Тұрашева:

- 28 сағат жарық болмағаны халықты ашындырып, осындай жолға баруға тура келді, халық еріккеннен шыққан жоқ. 24 сағат балашағаның аш отырғаны оңай емес.

Бұл үйде жарықтан бөлек, ауыз су да күрделі мәселеге айналған. Кейде су жоғарғы қабаттарға жетпейді. Газ әлі тартылмағандықтан, тамақты тоқ пешке пісіреді. Алайда жарық өшсе, аш отырамыз дейді жиналғандар.

Қайролла Рақымов:

- Газдың уақтылы берілмегенінен тоқтан мәселе болып жатыр. Мысалы, біреу плитасын қосады, біреуі қысқа толқынды пешін, желдеткішін қосады. Мұның бәрін көтермейді. Бізде домофон да, жеделсаты да, дәліз де тоқпен. Тоқпен тамақ ішесің. Бір үй емес, екі үй трассадан алып отыр. Негізгі канал да жоқ. Не қосымша канал жоқ.

Жиналғандар биыл қыстан қалай шығамыз деп уайымдап отыр. Себебі өткен жылы үйлері жылымай, тоңып шыққан. Атқамінерлер жақын маңдағы құрылысы жүріп жатқан үй қолданысқа берілгенше, газ жүргізілмейтінін айтқан. Ал судың қысымы өңірді су және жылумен қамтитын комбинатқа байланысты екен. Жарықтың мәселесін шешетінін жеткізді.

Әнуар Туляков, Ақтау құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұл жерде екі қсымша кабель, 400 метр, екіншісі де 400 метр, ТП 33, ТП21 баратын желісін 20 күнде ауыстырамыз. Жұмысты бастап жатыр. Жаңадан, яғни АЭС кабель салынатын болады. 400-ден 800 метр. Біреуі қосымша, біреуі негізгі.

Тұрғындар подъездегі бүлінген жерлерді де жасап беруді сұрады. Бірақ оған пәтер иелері кооперативі жауапты. Сондықтан әкімдік тек жарық мәсмелесін біржақты қылуға уәде берді. шенеуніктер бір айдың ішінде толық шешіледі деп сендірді. Себебі арнайы мекеме жаңа кабель тартуды бастап кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде