Үкімет моноқалаларды дамытуға 1 трлн 700 млрд теңге бөлді
Еліміздегі моноқалаларды дамытуға 1 трлн 700 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатқа шағын шаһарлардың екінші тынысын ашатын әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар салу жоспарлануда.
Автор: Айғаным Достанбай
11.09.2023
2023-2027 жылдарға арналған жоспар Үкіметте бекітілді. Қаулыға сәйкес, Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақты мақсаттары белгіленген. Бөлінген қаражат бас-аяғы 10 шағын қала халқының тұрмысына әсер етеді деп күтілуде. Кешенді жоспардың аясында денсаулық сақтау, білім, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу қарастырылған. Мәселен, Жаңатас қаласына республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздерден 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Қаратауға шамамен 50 млрд теңге бағытталады. Арқалық қаласында тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба мыңнан астам адамға жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!