Ринат Зайытов: АЭС салуды күллі ел болып талқылау керек
«Халық шешуі керек». Мәжілісмен Ринат Зайытов атом электр станциясын салу бір ғана аймаққа қатысты емес, күллі ел болып талқылануы тиіс мәселе деп есептейді.
Автор: Айғаным Достанбай
11.09.2023
Депутат Президент жолдауында айтылған жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастаманы қолдап отыр. Оның сөзінше, энергиядан тәуелсіздік бізге өте қажет. Сондықтан алдымен, стратегиялық нысанның құрылысын қай елдің компаниясына тапсыратынымыз бәрінен маңызды деген пайымда.
Жалпыұлттық референдумның мерзімі әзірге нақты белгіленген жоқ. Дегенмен Орталық сайлау комиссиясы оны өткізуге тас-түйін дайын екенін мәлімдеп үлгерді.
Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:
- Бұл, біріншіден, тікелей президенттің тапсырмасы. Халық өзі шешуі керек. Келсін, талап етсін. Барлық осы саланың мамандары халықтың ғана емес, біздің де, былайша айтқанда, көзімізді ашып, көкірегімізді оятып, нақтынақты дәлелдерімен, өз уәждерін айтсын. Өйткені қазір қоғам екіге бөлініп тұр ғой. Біреу «салу керек» дейді, біреуі «салмау керек» дейді. Осы саланың біраз маманымен ақылдастым. Энергиядан тәуелсіздік бізге өте қажет дейді. Бірақ, ең біріншден, салатын компаниялар қай мемлекеттен екенін анықтау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!