{metadescription}
Аза тұту: Мароккода зілзаладан қаза тапқандар саны 2100-ден асты
Аза тұту: Мароккода зілзаладан қаза тапқандар саны 2100-ден асты

Аза тұту: Мароккода зілзаладан қаза тапқандар саны 2100-ден асты

Мароккодағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдардың саны 2100-ден асып кетті. Жарақат алғандар да екі жарым мыңға жуықтайды. Апат құрбандарының сан әлі де артуы мүмкін. Себебі, құтқарушылар өткен жұмадан бері үйіндінің астында қалған адамдарды шығарып жатыр.

Жолы нашар, таулы аймақта орналасқан ауылдарға іздестіру тобы да жете алмай жатыр . Табиғи апаттан кейін аталған елде үш күндік аза тұту жарияланды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зілзадан көз жұмғандар мен зардап шеккендердің қатарында Қазақстан азаматтары жоқ.

Марокконың көне шаһары Марракеш тұрғындарынан үш күннен бері береке кеткен. Жер сілкінісінен кейін жұрт үйлерінен безіп, ашық аспан астында түнеп жатыр. Олар зілзала қайталанып, қирандының астында қаламыз ба деп қорқады. Далада ұйықтап жүргендер баспанасының тас-талқаны шығып, барар жері, басар тауы жоқ адамдар .

- Менің үйімді қараңыздар. Түгі қалмай қирады. Құдай сақтап аман қалдық. Өте қиын жағдай.

8 қыркүйекте Мараккеш қаласынан 80 шақырым жерде қуаты 6,9 балл жер сілкінді. Мамандардың мәліметінше, зілзала ошағы Атлас тауында 18 шақырым тереңдікте орналасқан. Табиғи апаттан қаза тапқандардың саны сағат санап артуда. Соңғы дерек бойынша опат болғандар 2100 адамнан асса, жарақат алғандар екі жарымға жуықтайды. Сыртқы істер министрлігі көз жұмғандар мен зардап шеккендердің қатарында Қазақстан азаматтары жоқ екенін күні кеше мәлімдеген болатын.

- Мен көрші ғимаратта қонақта болғам. Бір кезде ыдысаяқтар мен қабырғада ілініп тұрған заттар құлай бастады. Lалаға жүгіріп шықтық. Жер қатты сілкінгенін сездік.

- Алғашында не болып жатқанын түсінбедік. Адамдардың айғайынан кейін үйден тезірек шығуға тырыстық.

- Мен ұйықтап жаттым. Төсегім қозғала бастады. Мән бермедім. Одан да қатты қозғалды. Сол кезде зілзала екенін ұқтым. Құдайға шүкір, балашағам аман.

Табиғи апаттан миллионға жуық тұрғыны бар Мараккеш қаласының бір бөлігі зақымданған. Туристер ағылатын тарихи шаһарда құтқару-іздестіру қарқынды жүріп жатыр. Ал тау бөктерінде жермен-жексен болған ауылдарда көрініс мүлдем басқа. Ол жаққа құтқарушылар мен арнайы техника әлі жетпеген. Сондықтан тұрғындар жақындарын шарқ ұрып іздеп, үйінділерді өз күшімен тазартуда.

Марокко королі төртінші Мұхаммед үш күндік аза тұту жариялап, қираған үйлерді қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. <аспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсетілетінін және барлығы азық-түлікпен қамтылатынын мәлімдеді. Ал құтқару жұмыстарына әскер, тікұшақ пен дрондар жұмылдырылған.

Әбделуафи Лафтит, Марокко 3шкі істер министрі:

- Адамдардың көбі ЭльХауз провинциясында қаза тапқан. Қиранды астында қалған адамдарға көмектесу міндетіміз. Осы мақсатта корольдіктің қарулы күштері мен өзге де құтқару қызметтері барын салып жатыр.

Мароккоға алғашқылардың бірі болып испаниялық құтқарушылар жетті. Қазір Испаниядан келген 86 адам мен 8 иісшіл ит күн-түн демей қирандының астында аман қалған адамдарды шығарып жатыр.

- Біз Түркияда жер сілкінісі болған кезде көмектестік. Әлемнің кез келген нүктесіне барамыз. Ал Марокко біздің көршіміз. Қиын сәтте келдік. Аянып қалмаймыз.

Содан кейін Ұлыбритания, Катар мен БАӘ іздеу-құтқару тобын, медицина мамандары мен иісшіл иттерін апат аймағына жіберетінін мәлімдеді. Әлем елдерінің президенттері Марокко короліне бірінен кейін бірі көңіл айтып, көмек қолын созуға ниет білдіріп жатыр. Соңғы рет бұл елде 2004 жылы зілзала болған. Сол уақытта 600 адам көз жұмған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде