«Хайкуй»: Қытайда нөсер мен су тасқыны тоқтамай жатыр
Қытайда «Хайкуй» тайфуны әкелген нөсер жауын мен су тасқыны әлі жалғасып жатыр. Әсіресе бір аптадан бері Фучжоу қаласындағы жағдай күрделі. Онда сел кезінде екі адам қаза тауып, үш тұрғын із-түзсіз жоғалған. Бірнеше провинцияда метро тоқтап, мектептер уақытша жабылған.
Автор: Салтанат Шырынхан
11.09.2023
Гуандуннан бет алған сел Гуанси жағалауына жақындап келеді. Су тасқыны төмен жатқағы елдімекендерді шайып, тұрғындар қайықтармен құтқарылған. Бобай округінде күні кеше түскен ылғал мөлшері екі метрге дейін жетті. Онда да метро мен көлік қозғалысы тоқтап, көпқабатты баспаналарға су кірген. Ал таулы аймақтарда топырақ көшкінінің салдарынан жолдар қирап, көпірлер құлаған. Синоптиктер өңірге жауынның бір айлық мөлшері жауғанын айтады. Бұған дейін халқы тығыз орналасқан Шэньчжэнь қаласында толассыз жаңбыр осыдан 70 жыл бұрын, көршілес Гонконгта 140 жыл бұрын жауған екен. Алдағы бірнеше күнде Гуансиде тағы да нөсер күтіледі деп ескертілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!