{metadescription}
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойынына сарапшылар пікірі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойынына сарапшылар пікірі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойынына сарапшылар пікірі

Бес ойынның төртеуін жеңген футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз рекордын жаңартты. Десе де топтан шығу үшін әлі талай ұпай керек. Кеше Солтүстік Ирландияны жеңіп, кезекті үш ұпайын қоржынына салған ұлттық құраманың соңғы ойынына қатысты сарапшылар пікір айтты.

Қарсыластан басым түсіп 12 ұпай жинағанымызбен, қиын матчтар әлі алда деп отыр олар. Өйткені қазан мен қарашада өтетін 4 ойынның үшеуі сырт алаңда.

Есей Жеңісұлы, футбол сарапшысы:

- Қазан айында екі ойын бар. Алғашқысы Даниямен, кейін Финляндиямен. Екеуі де сырт алаңда өтеді. Сондықтан бұл өте маңызды ойындар. Егер осы ойындардан, кем дегенде, тағы 3 ұпай алатын болса, әлі де үмітімізді үзбейміз. Өйткені ар жағында СанМариномен өзіміздің алаңда ойын бар. Сосын Славениямен сырт алаңда ойын қалады. Қазіргі біздегі мүмкіндік 40/60. 40 пайыз шығамыз деп айтуға болады. Бірақ 40-тың өзі көп. 30 десек те болады.

Күні кеше ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен кездесіп, 1:0 есебімен ұтқан. Жалғыз голды матчтың 27-ші минутында Максим Самородов соқты. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпинатына іріктеу кезеңінде жалпы 12 ұпай жинап, Н тобының 4-ші сатысына жайғасты.

Сәтті ойынды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та тамашалады. Тартысты матчтан кейін мемлекет басшысы футболшыларды жеңісімен құттықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде