СІМ ресейлік ұшақта ҚР азаматтары бар деген ақпаратты растаған жоқ
Сыртқы істер министрлігі Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары бар деген ақпаратты да растаған жоқ. «Консулдыққа ешкім өтініш айтып, хабарласқан жоқ» - деді ведомстваның ресми өкілі.
Автор: Айғаным Достанбай
12.09.2023
Оқыс жағдай бүгін таңертең болды. Бортында 170 адамы бар ұшақ Новосібір қаласынан 180 шақырым жердегі алқапқа апатты жағдайға қонған. Әуе лайнері Сочиден Омбыға бағыт алған екен. Жолаушылар арасында Қазақстанның төрт азаматы да бар деген ақпарат тараған болатын. Мәліметтерге қарағанда, әуе кемесі дабыл қағып, содан кейін радардан ізім-ғайым жоғалыпты. Әуе кемесінен қандай кінәрат шыққаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Барлығы сол облыстағы мәдениет үйіне уақытша жайғастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!