{metadescription}
ҚМДБ: Мектепте ақ пен көк орамал тағуға рұқсат беру керек
ҚМДБ: Мектепте ақ пен көк орамал тағуға рұқсат беру керек

ҚМДБ: Мектепте ақ пен көк орамал тағуға рұқсат беру керек

Мектепте хиджаб кию мәселесіне әлі нүкте қойылар емес. Енді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы білім ордаларында ақ пен көк түсті орамал тағуға рұқсат беру керек деп қолқа салып отыр. Өз ұсынысын оқу-ағарту министрлігіне де жолдап үлгеріпті.

Айта-айта жауыр болған мәселе қашан шешімін табады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі орамал мәселесін шариғатқа сүйеніп шешуді ұсынып отыр. Оқу-ағарту министрлігіне нақты ұсыныс та жасалған. Әзірге ұсыныстың мазмұны көпке жарияланбады. Тек мүфтиятты баспасөз хатшысы бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырыпты.

Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Баспасөз хатшысы:

Орамал жайында. Мүфтият бұл мәселені өз құзыреті, дін мен дәстүр сабақтастығы аясында шешудің оңтайлы жолын ұсынды. Нақты айтқанда, тиісті мекемеге орамалдың ақ және көк түсі ұсынылды. Осыған қатысты әлі де оң шешім қабылданар деген үміттеміз.

Оқу-ағарту мен мәдениет және ақпарат министрлері орамалға қатысты бұған дейін де ресми жауабын берген. Қос ведомство басшысы ақ, көк, қара түсте болсын, жалпы кез келген діни сипаттағы жамылғыға рұқсат жоқ деп кесіп айтты. «Орамал, хиджаб деп, ересектер айтысып жүргенде, баланың үніне құлақ асып жатқан жан баласы жоқ» - дейді ширек ғасыр мектепте ұстаздық еткен Меруерт Медетбекова.

Меруерт Медетбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:

Бұл тақырып осымен жабылуы қажет. Қазақстан Республикасында білім алып жатқан әрбір оқушы мектеп формасы, яғни ақ түсті көйлек, төменгі жағы қара, не қою көк түсті. Жоқ, мен таң қаламын, педагог ретінде айтарым, неге баланың үнін тыңдамасқа? Неге біз одан сұрамаймыз? Сен не қалайсың деп? Біз өзімізше шешіп жатырмыз. Бала үшін, өзіңіз ойлаңызшы... Яғни бала өзін еркін сезіну үшін, ол қатар құрбыларымен бірдей болуы керек. 

Мүфтият бұл ұсынысы мәселені одан сайын ушықтырып, мемлекет саясатына ашық қарсы деп санайды кейбір мәжілісмендер. «Конституцияда Қазақстан зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде сипатталады, сол себепті дін мемлекет саясатынан тыс болуы шарт» - дейді депутат Айдос Сарым.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

Зайырлы дегеніміз,кем дегенде, өзінің діни басқа ұстанымдарын ересек жасқа жеткен кезде айқындай алатын дүние. Яғни ешбір балаға ешбірата-ана, ешбір мемлекеттік ұйым «сен былай жүр, сен былай жүр» деп айтпауы керек.

Ал депутат Ерлан Саиров тіпті діни басқарма өкілдерінен күдіктеніп отыр. Дәстүрлі салт-санамызға сіңген ислам емес, өзге де тармақтар көрініс тапқан деген пікірде.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

Қазір, өкініштісі, біздің діни басқармада істейтін балаларымыз немесе сырттан оқып келген имамдар сол мемлекеттердің саясатын уағыздайтын секілді. Ислам мәдениетін емес, сол өздері тәлімтәрбие алып келген мемлекеттердің саясатын, солардың салт-дәстүрін Қазақстанға енгізгісі келетін сияқты.

Хиджаб мәселесіне қатысты мүфтияттың ұсынысы оқу-ағарту министрлігіне әлі жетпепті. Дегенмен жауапты сала мамандары орамал тақырыбын талқылаудан шаршағанын жасырмады. Сондықтан діни басқарманың ақ пен көк түсті орамал тағуға рұқсат беру туралы ұсынысы министрлікке жете сала, ресми жауап болатынын айтумен ғана шектелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде