{metadescription}
Бір айда коронавирустың таралуы бір жарым есеге артқан
Бір айда коронавирустың таралуы бір жарым есеге артқан

Бір айда коронавирустың таралуы бір жарым есеге артқан

Елімізде соңғы айда коронавирустың таралу қарқыны бір жарым есеге артқан. Тамызда қауіпті кеселге шалдыққандар саны 324 адамға жетіпті. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі алаңдауға негіз жоқ, эпидахуал тұрақты деп отыр.

Күз мезгілі вирус инфекциясының нағыз асқынатын кезеңі. Қазір тұмау өршіп тұр. Жедел респираторлы вирусты жұқтырған жандардың саны күрт көбейген.

Тамыз айында елде 359 мыңнан астам адам суық тиіп сырқаттанған. Бұл емханаға қаралған науқастар саны ғана. Жұқпалы дертпен өздігінен емделетіндер өте көп. Қыркүйек пен қазан айларында ауруға шалдығу көрсеткіші тіптен ұлғаяды дейді дәрігерлер.

Жұқпалы вирус пен ковид белгілері әр түрлі дейді дәрігерлер. Егер күмән туған жағдайда ақ халаттылар ауырып келген адамдарды бірден ПТР-тест тапсыруға жібереді екен.

Емханаларда коронавирусқа қарсы ревакцинациялау әлі жалғасып жатыр. Қазақстанда вакцинаның дозасы да жеткілікті дейді денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. 

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауымен ревакцинация тек қана осал топтарға өткізіледі. Ол созылмалы аурулары бар адамдар. Және де 65 жастан асқан азаматтар және медициналық қызметкерлер. Бізде 250 мыңнан астам вакцинаның дозасы бар. Оның ішінде «Пфайзер» және «Синофарм». Осы вакциналарды ревакцинацияға пайдаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде