{metadescription}
Астанада бір тәулікте 142 жол апаты болды — ескерту
Астанада бір тәулікте 142 жол апаты болды. Оған бірнеше күннен бергі жаңбыр мен қалың тұман себеп.
Автор: Мерей Қалиасқар
12.09.2023
Мұндай ауа райында жүргізушілерге ең қауіптісі — дымқыл асфальт дейді тәртіп сақшылары. Себебі, бұл көлікті тежеуге кедергі келтіреді. Сондықтан полиция департаменті жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де сақ болуды ескертті. Жолды кесіп өткенде ұялы телефонға қарамай, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан транспорттың жоқтығына көз жеткізген жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...