{metadescription}
Бурабайдағы шипажайда зейнеткерлер бір жұтым суға зар болған
Бурабайдағы шипажайда зейнеткерлер бір жұтым суға зар болған

Бурабайдағы шипажайда зейнеткерлер бір жұтым суға зар болған

Шипажайдан шу шықты. Бурабайдағы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты шипажайда демалып жатқан қариялар наразылық білдірді. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінен келген зейнеткерлер бір жұтым суға зар болып қалған. Ас мәзірі де көңілінен шықпай, тамақтан ұшынған жағдайлар да кездесіпті.

Жанына шипа іздеп келген 233 демалушының көбі мүгедек жандар. Еліміздің әр өңірінен келгендер демалып, күш-қуат жинаудың орнына, су тасып шаршап жүрміз дейді. Курорттағы қариялардың мұң-мұқтажын КТК тілшісі тыңдап келді.

Курортқа денсаулығын түзеуге келген қариялар алдымен жоғарыға өрмелеп шығатын жалғыз жолдан өтеді. Оның өзі өмірі жөндеу көрмеген. Қияметтің бәрі осы жерден басталатын сияқты. Өйткені 60-70 жастағы қариялар қолына бос ыдыс ұстап бір шақырымнан су тасиды.

Бурабайдағы бұрынғы «Қарағай»шипажайы. Биыл қаңтардан бастап республикалық«Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты»деген мәртебе алған. Бірақ атына заты сай болмай тұр дейді қариялар. Мемлекеттен берілген жолдамамен тегін демалуға келгендерді қамықтырған жәйт көп. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналғандар демалып, күш-қуат жинаудың орнына, алыстан су тасып шаршап жүр. 

Алтынқыз Рүстемова:

Демалуға және емделуге келіп отырмын. Келіп алып, осы жерге ауыз суға зар болып отырмыз. Ауыз суды Бурабайдан 250 теңгеге такси жалдап, күніне сатып әкеліп отырмыз.

Такси жалдай алмайтындар суды Бурабай кентінен жаяулап тасиды екен. Екі апталық демалыста шипажайда жатып, дәрімізді іше алмай қиналып қаламыз дейді қариялар. Егде жастағы қарттардың қатарында қант диабетімен ауыратындарда бар. Әсіресе осы топтағылар шөл қысқанда бір жұтым су іздеп, зыр жүгіретін көрінеді. Ал асханадағы жағдай тіпті қиын.

Жанат Әлімбаева:

Тамақ ішуге келдім. Бірақ үндегем жоқ. Еттің ішінен иісі шығып кеткен ,қасымдағыларға айттым, «мынаны мен жемеймін, ұшынып қаламын» дедім. Мінекей, ұшық та шығып тұр, жиіркенгеннен.

Шипажайда бірнеше адам астан уланды дейді жиналғандар. Бірақ демалыс орнының басшылығы оны Бурабайда өршіп тұрған ішек инфекциясымен байланыстырды. Ал ауыз судың жоқтығын басқа бір компаниядан көріп отыр.

Саягүл Қайыргелдина, Курортология және медициналық оңалту ғылыми –зерттеу институты республикалық шипажайының директоры:

«Биотон» деген компания, біздің су мәселесін, біздің аппараттарға қызмет көрсетеді, соны жасамай кетті. Сондықтан бір ай бойы су мәселесін шеше алмай жатырмыз. Компанияны сотқа бердік. Өзіміз жаңадан қайтадан кім ұтып алатынын күтіп отырмыз.

Ал шипажайға ас даярлайтын «Бумфут»компаниясының жұмысына қадағалауды күшейтеміз дейді шипажай басшысы. Әзірге су құрылғысын жөндейтін компания табылған жоқ. Сондықтан қариялар бір жұтым суды алыстан арқалауға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде