{metadescription}
Петропавлда жаңа мұржаны қайта бұзды — құбыры қисық
Петропавлда жаңа мұржаны қайта бұзды — құбыры қисық

Петропавлда жаңа мұржаны қайта бұзды — құбыры қисық

Петропавлдағы жылу электр оталығында жаңа салынып жатқан мұржа қайта бұзылып жатыр. Өйткені бір жыл бұрын құлаған құбырды қисық қалаған. Сондықтан сарапшылар құрылысты жалғастыруға болмайды деген байлам жасады.

Құрылысы басталған құбырдың жобадан ауытқып бара жатқанын бақылаушы мамандар 8 тамызда анықтаған. Бірден құрылыс тоқтап, сараптамалар жүргізілді. Сөйтсе құбырдың құйылған бір қабырғасында ақау шыққан. Соның салдарынан құрылыс жалғасқан сайын құбыр қисая беріпті.

Енді сарапшылар 30 метрге таяған мұржаның ақау анықталған жеріне дейін 16 метрін бұзу керек дейді. Қисая басталған тұстан құбыр қайта өріледі.

Петропавл жылу электр орталығындағы түтін шығатын алып құбыр былтыр наурыз айында опырылып түскен. Оның бір бөлігі қазандықты басып қалып, бір жұмысшы әйел қаза тапқан болатын. Құлаған құбырдың орнына жаңасы салына бастады. 180 метрлік мұржа 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оған дейін пештен шыққан түтін 150 метрлік ескі екі құбыр арқылы будақтайды.

Анатолий Казановский, «Севказэнерго» АҚ бас директоры:

Біз 2023-24 жылғы жылу маусымына дайынбыз. Жоспарлаған 120 мың тонна көмірдің 116 мың тоннасы жиналды. Қыркүйектің ортасына дейін толық жарақтаймыз. Жылу беру маусымын ойдағыдай бастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде