{metadescription}
Павлодар тұрғындары қараға боялған ескерткішке наразы
Павлодар тұрғындары қараға боялған ескерткішке наразы

Павлодар тұрғындары қараға боялған ескерткішке наразы

Павлодарда соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткіш тақта қара түске боялды. Жеңіс алаңында жарқырап тұрған батырлардың бейнесі бірсәтте түнеріп шыға келген. Мұны көрген тұрғындар бұл — ескерткішті қорлау деп наразылық білдіруде.

Соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткіш күн мен жаңбырдың әсерінен әбден оңып кеткен. Сондықтан оны жергілікті әкімдік қайта жаңартпақ болыпты. Бірақ алтын түстес бейнелерді қара түске бояп тастаған. Алайда ескерткішті қайта өңдеген мамандардың тиісті лицензиялары жоқ екен. Оның үстіне осы бейнелерді салған автормен ақылдасуды да ұмытып кеткен сияқты.

Бұл Жеңіс алаңы осы көктемде абаттандырылған. Содан бері тұрғындар түнерген тақтайшаларға наразылық білдіріп келген енді. Енді шенеуніктер қателігін түсініп, келер жылы батырлар бейнесін бәз қалпына келтіреміз дейді.

Әлібек Оразалин, Павлодар ТҮКШ бөлімінің меңгерушісі:

Иә, тұрғындар жаппай шағым түсірді. Енді бұл бейнелерді қайтадан, бұрынғы түсіне бояу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ қолымызда қаражат жоқ. Сондықтан 2024 жылы өзгертетін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде