{metadescription}
Астанада төрт үйдің сүрілуіне тұрғындар қарсы шықты
Астанада төрт үйдің сүрілуіне тұрғындар қарсы шықты

Астанада төрт үйдің сүрілуіне тұрғындар қарсы шықты

Елордада жеке секторда тұтас бір көше сүрілді. Ал қалған төрт үйдің тұрғындары үйінің үйіндіге айналуына қарсы. Тіпті сот шешіміне қарамастан, көшуден бас тартып отыр. Олар неге келіспей, неден қорқып отыр?

Астананың ескі орталығы. Училищная көшесінде сүрілмеген төрт үй бар. Сондағы екі отбасы ондаған жылдар бойы пана болған баспанасын қимай, босатудан бас тартып келеді. Ал жер дауына мектеп себеп. Әкімдік бұл жерге білім ордасын салмақшы. Тұрғындар көршілерге лайықты баға, ал өз үйлеріне өтемақы әділетсіз беріліп жатқанын алға тартады. 

Амархан Газдиев:

Күнде үйімізді күзетеміз. Біреуміреу қоңырау шалса, ата-аналар не істерін білмейді. Анау жолы электр қуаты өшіп қалды. Бәлкім енді жарықты сөндіре бастайтын шығар деп топшыладық. Мұндай ыңғайсыз жағдайларды бұрын естуші едік. Бізді қорқыту үшін жасалған әрекет қой. Бірте-бірте жарық пен судан ажыратпақ.

Жапсарлас орналасқан көршілер де өтемақының көлеміне көңілі толмайды. Үлкен әулеттің мүшелері мамандар сараптама кезінде жақсы жерде орналасқан жайлы қоныстарын елорданың шетіндегі инфрақұрылымы жоқ үйлермен салыстырғанына наразы.

Айгүл Тұрысбекова:

Осы үйде үш ұрпақ тұрамыз. Көршілерде 78 үй сүрілді. Әкімдік тарапынан бір шаршы метрге 500 мың теңгеден баға берді. Ал бізге келгенде, біздің бағамызды 81 млн-нан 40 млн-ға түсіріп тастады. Күнде келіп, қарт әке-шешемізді қорқытып, «шығыңыздар, босатыңыздар» деп талап етіп жатыр. 40 млн-ға қандай үй ала аласыз? Осы жерден мүлде ала алмаймыз. Қаланың сыртынан ғана ала аламыз.

Ал жауапты мекеме бағалау барлық ережемен жүргізілгенін айтады. Сот та әлдеқашан шешім шығарып қойған. Кімде-кім бұл шарттармен келіспесе, құзырлы органға шағымдансын дейді.

Александр Строчков, Астана қаласы «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК директоры:

Шынымды айтсам, әр адам өзінің үйі көршісінен қымбатырақ болғанын қалайды. Мәселе мүліктің нарықтағы құнында. Әкімдік лайықты өтемақы төлейтінін жақсы білеміз. Әрбір есептеуде белгілі бір қателіктер болады. Бірақ үлкен сома деп айта алмаймын. Бағалау, әлбетте, оңай емес қой. Бәрінің көңілін таба алмайсың.

Жалпы бұл ауданда барлығы қырықтан астам үй сүріліп, олардың иелеріне өтемақы төленіп, олар сол бағаға келіскен. Ал мына соңғы қалған үйлердің тұрғындарына ертең кезекті рет сот орындаушылары келіп, үйді босатуын талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде