{metadescription}
Блогерлерге қатысты жаңа заңның артықшылығы мен кемшілігі
Блогерлерге қатысты жаңа заңның артықшылығы мен кемшілігі

Блогерлерге қатысты жаңа заңның артықшылығы мен кемшілігі

Блогерлерге қатысты жаңа заң жауапкершілікті арттырады. Алматыда өткен форумда медиа cаланың өкілдері бас қосып, онлайн-платформаға қатысты заңды талқыға салды. Сарапшылар заңның артықшылығы мен кемшілігін жіпке тізіп, пікір алмасты.

Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Бұл заң блогерлердің аузына қақпақ болу үшін қабылданған жоқ. Соны түсініп алуымыз керек. Шектеу болмайды. Егер жарнама туралы сөз қозғасақ, біз мәдениетті қалыптастырғымыз келеді. Жарнамаға салық төлену керек. Жалған ақпараттың таралуына жол бермеуіміз қажет. Жаңа заңның интернет пайдаланушылардың жауапкершілігін арттырады.

«Онлайн платформа және онлайн жарнама туралы» заң қаржы пирамидасы және басқа да интернет алаяқтардың алдын алуға мүмкіндік береді дейді мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі. Оған сәйкес, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандарға айыппұл 69 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, парақшасында жарнама жасағандар салық төлеуге міндеттеледі. Әрі жазбасы жарнама екенін айғақтайтын арнайы таңба қоюы шарт.

Бірақ медиа-менеджерлер мен блогерлер заңды әлі пысықтау керек деген пікірде. Себебі, елімізде кәсіби тұрғыда қызықты әрі сапалы контент жасап, ауқымды аудитория жинаған ютуб арналар көп. Олар жаңа медианың дамуына мемлекет тұсау салмай, керісінше, қолдау қажет деп есептейді.

Дәурен Меркеев, Airan ютуб арнасының бас редакторы:

Ютубқа контент жасайтындар жарнама беретін компанияларды қызықтыра бастады. Себебі, кәсіби журналистер ю-тубқа көшіп, сапалы контент жасап жатыр. Әзірге әлеуметтік желіде цензура жоқ. Бұл біздің ұтатын тұсымыз. Бізді алаңдататыны да осы мәселе. Мемлекет ешқандай шектеу қоймаса, жаңа медиа тек дамиды. Болашақта телеарналарға құйылатын қаражат ю-тубқа келеді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде