{metadescription}
HONOR V Purse ұялы телефонының артықшылығы көп екен
HONOR V Purse ұялы телефонының артықшылығы көп екен

HONOR V Purse ұялы телефонының артықшылығы көп екен

HONOR компаниясы Берлинде өткен IFA- 2023 көрмесінде смартфон-клатч ұсынды. HONOR V Purse деп аталатын соңғы үлгідегі ұялы телефонның сыртқы дизайны ерекше. Яғни кез келген тұтынушы, әсіресе қыз-келіншектер смартфонды енді қолына ұстамай, иығына асып жүре береді.

Берлинде өткен көрмеде HONOR-дың жаңа смартфондарымен бірге сөмке түрінде жасалғаны да таныстырылды. Ол адамның қозғалысы мен ырғағына тез бейімделеді. Яғни кез келген жүйесін экран бетін ашпай-ақ, сыртынан басқаруға болады.

HONOR V Purse-нің жоғарғы бөлігінде топсаға бекітілетін белдікшелер мен баулар бар. Смартфонды кәдімгі әмиян немесе сөмке ретінде иығыңызға асып жүруге болады. 

Джордж Чжао, HONOR бас атқарушы директоры:

Бұл сәнді девайс – уақытқа қарамайтын дизайнның, асыл металдардың және озық технологияның тамаша үйлесімі. Бір қарағанда ол декоратив сөмке сияқты көрінеді. Бірақ камераның асыл тастарға ұқсас үштік шеңбері бар. Бұл ақылды әмиян, оны аксессуар ретінде алып, мерекелік кештің сәнін келтіргіңіз келсе немесе іскерлік жұмыс кездесуіне барғыңыз келсе, HONOR V Purseтің сыртқы көрінісін бір-екі рет түртіп, қалаған жағдайға өзгерте аласыз.

Бауы экологиялық таза материалдан жасалған. HONOR компаниясы осы арқылы қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетуге тырысқан.

HONOR V Purse-нің сыртқы экран қойылғыларын кез келген стиль мен киімге сәйкестендіріп те баптауға болады.

Джордж Чжао, HONOR Бас атқарушы директоры:

Халықаралық дизайн сыйлығы HONOR Talents аясында, компания әрқашан қосулы тұратын экран мен бірегей қойылғылар сериясын әзірлеу үшін BURBERRY ерлер желісінің креативті директоры Брам Ван Дипенмен, заманауи суретші Юнуэна Эспарзумен, Қытай өнер академиясының профессоры Юан Юминмен және суретші Ван Сяохуймен ынтымақтастық.

Осылайша HONOR V Purse соңғы трендті жүзеге асыру үшін шексіз мүмкіндіктерді пайдаланған. Бұл тұтынушының смарт-клатчты ұзақ жыл ұстап жүруіне кепіл береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде