{metadescription}
Ақтөбелік 11 жастағы Айжанға көмек керек
Ақтөбелік 11 жастағы Айжанға көмек керек

Ақтөбелік 11 жастағы Айжанға көмек керек

Ақтөбелік 11 жастағы Айжан Асылбекқызына көмек керек. Қан ауруына шалдыққан оқушыны емдеуге отандық медицина дәрменсіз. Тіпті дәрігерлер кішкентай науқастың қан құрамының ерекшелігін анықтай алмай жатыр.

Айжан туғаннан талма ауруымен ауырады. Оған эпилепсия диагнозы қойылған. Екі жасынан бастап мұрнынан қан тоқтамапты. Қазірдің өзінде күніне 6-7 рет қан кетеді. Талма ауруын емдетіп жүргенімізде, енді қан ауруы қосылды дейді анасы. Баласының дертіне дауа іздеп бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Отандық онко-гематологтар елімізде тромбоцит функциясын зерттейтін құрылғы жоқ дейді. Оны тек шетелде ғана жасайды. Ал оған отбасының қаражаты жоқ. Себебі бұл шаңырақта мүмкіндігі шектеулі тағы бір бала бар. Айжанның алғашқы ем-домының өзіне 8 миллион теңге керек. Сондықтан қаражаттан қысылған ана жомарт жандардың көмегіне зәру.

Қазима Нұрғалиева, Айжанның анасы:

Қыз балам Айжанға осы өзіміздің қазақ елімізден көмек сұраймын. Өйткені Айжанның диагнозын өзіміздің Қазақстанда емдей алмайды. Оны республикалық дәрігерлер де мойындап отыр. Сондықтан барша жанашыр жандар, сіздерден Айжанға көмек беруді өтінемін.

Қазима Нұрғалиева, Айжанның анасы: + 7 771 290 48 51

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде