{metadescription}
СҚО-да нөсерден төтенше жағдай жариялануы мүмкін
СҚО-да нөсерден төтенше жағдай жариялануы мүмкін

СҚО-да нөсерден төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Толассыз жауған нөсерден еліміздің солтүстігіндегі бірнеше облыста төтенше жағдай жариялануы тиіс. Бүгін Мәжілістегі екі бірдей фракция Үкіметке шырылдаған шаруалардың жанайқайын жеткізді.

Жазда қуаңшылықтан әбден зәрезап болған диқандар, енді апталап жауған күзгі нөсерден зардап шегуде. Түптеп келгенде тұқым себуге де қажет дән қоры жетпей қалуы мүмкін дейді депутаттар. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қостанай облыстарында жауын 20 күннен бері толастамай тұр. Комбайндардың егіс алқабына шығуына қазір лай кедергі келтіреді. Сондай-ақ, ылғалдың жоғары болуынан астық қазірдің өзінде сапасын жоғалтып, екі есе құнсызданған. Шаруалар биыл қамбаға түсетін астық көлемі еселеп аз болады деп зар илеп отыр. 

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

Әкімдіктер төтенше жағдайды қашан жариялаймыз деп жүргенде, шаруалар шаш етектен шығынға батуда. Біз қазір шаруаларды несиеден босатуды сұрап отырмыз, ең болмағанда, төлем мерзімдерін шегеру керек қой. Жалпы мемлекет жанжақты қолдау көрсетуі қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде