{metadescription}
«Күнделіктен» 4 млн оқушының жеке мәліметі тарап кеткен
«Күнделіктен» 4 млн оқушының жеке мәліметі тарап кеткен

«Күнделіктен» 4 млн оқушының жеке мәліметі тарап кеткен

«Күнделік» жүйесі арқылы 4 миллион оқушының жеке мәліметі тарап кеткен. Мұндай ақпарды депутат Ерлан Саиров айтып отыр.

Электронды қызмет көрсетететін бірнеше отандық компания мәлімет жинау мен сақтаудан олқылық жіберген. Соның салдарынан ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған хакерлер «Күнделікке» күнделікті ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын видеолар жүктеуде. Арасында букмекерлік ойындарға үгіттейтін, одан қалса жалаңаштанған видеолар да самсап тұр дейді Саиров. Сондықтан Бас прокуратурадан жыл сайын оқу-ағарту министрлігінің есебінен 800 млн теңге бөлінетін электронды жүйені шұғыл тексеруді сұрап отыр.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

Сыртқы монополияның күшімен Қазақстанның барлық балалары, мұғалімдері мен атааналары мемлекет пайдалануға міндеттеген «Күнделіктен» күнделікті жағымсыз жарнама көруге мәжбүр. Соның ішінде этика мен ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойынның жарнамасы көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде