{metadescription}
Алматыда мопед пен электросакаттан жол апаты жиілеген
Алматыда мопед пен электросакаттан жол апаты жиілеген

Алматыда мопед пен электросакаттан жол апаты жиілеген

Алматыда небәрі сегіз айда мопедтен 220 жол апаты тіркеліп, екі адам мерт болған. Ал самокатпен 18 оқыс жағдай тіркеліп, бір адам ажал құшыпты. Қос дөңгелекті көлік құралдарына қатысты жаңа заң биыл жазда күшіне енсе де, оны ұстанатындар әлі азаймай тұр.

Бүгін де полицейлер ережені пысқырмай ойқастап айдайтындарға жаппай айыппұл салды.

Тәртіп сақшылармен бірге шыққанымыз сол еді, мопед пен жеңіл көлік соқтығысқан жол апатына бірден тап болдық. Екі көшенің дәл қиылысында мопед көліктің сол жағынан қағып, жүргізушісі әйнекке басымен ұрылған. Бәрі дін аман. Тек мопед тізгіндеген ер адам арқасын жырып алыпты.

Сүлеймен Сүлейменов, Алматы қаласының тұрғыны:

Бағдаршамның жасыл түсі жанды. Жүріп бара жатқан кезде сол жағыма қарасам, мопед қызыл түске өтіп, мені соқты. Жалпы мопед қана емес, самокат тізгіндейтіндер де қатты кедергі келтіреді. Олар тоқтау сызығын елемейді. Сол үшін бағдаршамды мүлде байқамайды.

Жүргізушілердің ығырын шығарған осы қос дөңгелекті көлік құралдарының кесірінен болатын жол апаты жиілеп кеткені рас. Басым бөлігі әлі күнге дейін қарапайым ережелерді де білмейді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Алматы қаласында сегіз айдың көлемінде мопедтердің қатысуымен 220 жол көлік оқиғасы орын алды. Өкінішке қарай, екі адам қаза болып, 240 адам жарақат алған болатын. Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 5678 жолл жүру ережесін бұзу деректері анықталды. Ал самокат жүргізушілерінің қатысуымен жылдың басынан бері 7 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу деректері анықталды.

Ал сол самокаттардың кесірінен 18 жол апаты тіркеліпті. Оқыс жағдайдан біреуі қаза болған. Жалпы осы қос дөңгелекті көлік құралдарына қатысты заң көптен бері талқыға түсіп жүрген. Осыдан екі апта бұрын толықтырылып күшіне енді.

Жаңа ережеге сәйкес, енді самокат тізгіндегендер қалаған жерімен жүйткіп жүре алмайды. Тротуармен сағатына алты шақырым, жолдың оң жақ шетімен ғана жылдамдықты сағатына 25 шақырымға көтере алады.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы:

Электрсамокат жүргізушілері міндетті түрде, егер автокөлікке арналған жолмен жүретін болса, оларға жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек. Ол 18 жасқа толған болуы керек. Басына шлем киіп алуы керек. Түн мезгілінде жарық қайтарғыш жакет болуы керек.

Десе де сарапшылар өзі толықтырылған заң әлі де шикілеу деп санайды. Өйткені мемлекеттік нөмірі жоқ, әрі кез келген жермен емін-еркін жүріп кете беретін бұл көлік құралын полицейлер тоқтата алмай әлекке түседі.

Алексей Алексеев, автосарапшы:

Полиция олардың заң бұзғанын көрді делік. Бірақ тротуарлармен қашып, аулаларға кіріп кетсе, оны қалай қуып жетеді? Тәртіп сақшылардың көлігі ол жермен жүре алмайды ғой. Сонда қалай бақылап, ондайларға қалай айыппұл салайын деп жатыр?

Полиция департаменті мұндай мәселенің барын мойындап отыр. Ара тұра қашып, жеткізбей кететіндер де кездеседі. Сондықтан алдағы уақытта арнайы топ құру жоспарда барын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде