{metadescription}
Жамбыл облысында «Қазпошта» шатыры басып қалған әйел еміне қаражат талап етті
Жамбыл облысында «Қазпошта» шатыры басып қалған әйел еміне қаражат талап етті

Жамбыл облысында «Қазпошта» шатыры басып қалған әйел еміне қаражат талап етті

Жамбыл облысында «Қазпошта» ғимаратының шатыры басып қалған әйел төрт айдан бері төсек тартып жатыр. Дүлей дауыл кезінде жарақат алған науқастың өкпесі жыртылып, қабырғалары мен омыртқасына зақым келген. Оны аяққа тұрғызуға отандық медицина дәрменсіз.

57 жастағы Рәбиға Сүлейменова Түркияда емделуде. Бірақ қаржыдан қысылған отбасы науқастың ем-домын «Қазпошта» мойнына алсын деп талап қойды. 

Асылай Имағанбетова, қызы:

Біздің өзіміздің ауылда тұратын үйіміз 1960 жылы салынған. Егер ұшатын болса, біздің шатырымыз ұшуы керек еді.Бұл салғырттықтың кесірінен басқа адамдардың да осылай зардап шекпеуін қалайтын едім. Егер осындай салғырттық болмағанда, ол шатыр жөндеу жұмыстарынан өткізілген болғанда бұндай жағдай болмас еді. Оқиғадан кейін екі айдан соң ғана бізге 7 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Алайда ол менің бір айлық талабым болатын. Менің талабым мынаншамынанша емес, анамды аяққа тұрғызу. Басынан аяғы дейін емін қамтамасыз ету.

Оқыс оқиға 5 мамыр күні Жамбыл ауданы Аса ауылында болған. Дүлей дауылда ғимараттың шатыры шыдас бермей, өтіп бара жатқан Рәбиға Сүлейманованы басып қалады. Жұлынына қатты зақым келген әйел бес күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін ота жасалған.

Дегенмен оны аяққа тұрғызу біздің дәрігерлердің қолынан келмеген. Сондықтан науқастың қызы Түркияға емдетуге алып барыпты. Ал «Қазпошта» басшылары қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндігіміз жоқ дейді. Сондықтан жәбірленуші сұраған ақшаны тауып бере алмаймыз деп ақталды.

Бекжігіт Бекбердиев, "Қазпошта" АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры:

Біз келіспейміз. Енді форсмажор деп айтып жатырмыз ғой. Жаңағы айтқандай, 10 жыл бойы шатыр қатты желдерден аман-есен қалып жүрген жайы бар. 2020 жылды «Қазпошта» ұжымы едәуір шығынмен бітірді. 11 млрд-тан астам. Сол шығынға қарамастан, осындай көмек көрсетіп отыр. Енді бұдан былай моральдік көмек көрсетпесек, келген кезінде материалдық көмек көрсету әзірге қиын болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде