{metadescription}
Ақтөбеде тендер ұтқан компания көпқабатты үй ауласын құртып кеткен
Ақтөбеде тендер ұтқан компания көпқабатты үй ауласын құртып кеткен

Ақтөбеде тендер ұтқан компания көпқабатты үй ауласын құртып кеткен

Артық қыламын деп, тыртық қылды. Ақтөбенің қақ ортасындағы көп қабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмысы үш жылдан бері бітпей жатыр. Тендерді ұтып алған компания асфальтты қопарып, тек әр жерін жамап кеткен.

Подъездердің алдын ойып, енді тұрғындар жауынды күні үйіне кіріп-шыға алмай жүр. Әкімдіктегілер мердігер жауапсыз болып шықты дейді. Сондықтан сотқа беріп, ақшаны кері өндірген.

Үш жыл бұрын аулаға жөндеу басталғанда тұрғындар жаппай қуанған. Кейін мердігер бастаған ісін тастап кеткен. Подъездердің алдын қопарып қазып тастаған. Енді жаңбыр жауса, суы үй ішіне қарай ағып, бірінші қабат көлкіп тұрады. «Одан бұрынғы ескі ауламыз жақсы» деп налиды тұрғындар. Ең болмағанда, үйімізге еркін кіріп-шығатын едік деп отыр.

Жоламан Маралов:

Кіреберіс жолдардың бәрі ойқышойқыш болып, үйімізге кіріп‑шыға алмай қалдық. Үлкен кісілер бар, қасымызда тұр. Үйінен шықса сүрініп құлайды. Асфальт қалдығын ана жерге үйіп кетіп жатыр, әнекей. Өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой, ол жерге балалар сүрінеді немесе үлкен кісілер құлап жатады. Былай атқанда, ыңғайсыз болып тұр.

Жалғыз аулаға жартылай асфальт төселгенмен, қалған аулаларды түгел қырып тастаған. Тұрғындар жөндеуге келген жұмысшыларды соңғы рет екі-үш жыл бұрын көрдік, одан кейін жоқ болды деп отыр.

Ал әкімдіктер бар кінә тендер ұтқан компанияның жауапсыздығынан деп ақталады. Оларды сотқа да беріпті. Енді аяқсыз қалған жөндеуді басқа мердігер жалғастырады деп отыр.

Жансерік Төрешов, Ақтөбе ТКШ бөлімінің инспекторы:

Біз сотқа арызшағым беріп жұмысын тоқтаттық. Содан кейін оның ақшасын өндіріп алынды. Қазір жаңа компания «Ақтөбе адал құрылыс» ұтып алынды. Биыл бітпей қалған жұмыстарын толық аяқтайды. Бордюр салып, үстіне асфальттарын салып, аулаларды қалпына келтіріп, жұмысты аяқтайды.

Қазір аяқсыз қалған жөндеу жұмысының тендер жеңімпазы белгілі. Бірақ оның жұмысының сапасын тұрғындар күн сайын қалт жібермей қадағалап отырамыз деп шешкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде