{metadescription}
Астанадағы су жаңа тұрғын үй кешенінің қабырғасы сөгіліп жатыр
Астанадағы су жаңа тұрғын үй кешенінің қабырғасы сөгіліп жатыр

Астанадағы су жаңа тұрғын үй кешенінің қабырғасы сөгіліп жатыр

Сырты бүтін, іші түтін. Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы су жаңа Привокзальный тұрғын үй кешенінің тұрғындары шу шығарды. Олар қоныс тойын тойлағанымызға бар болғаны бір жылдан аспай, төбесінен су сорғалап, қабырғасы сөгіліп жатыр дейді.

Пәтер иелері ипотека төлеп біткенше үйіміз құлап, үйіндінің астында қаламыз деп дабыл қағып отыр.

90 пәтерлі алты қабатты тұрғын үй былтыр ғана пайдалануға берілген. Алайда небары бір жарым жылдың ішінде комфорт санатындағы баспананың кілтін алғандарда бірқатар мәселе туындаған. 

Бақытгүл Қасымованың 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі баласы бар. Жоғары қабатта тұратын ана қызымен. одан қалды көршісімен бірге мүгедек арбасын күнде көтеріп-түсіріп әлек. Құрылыс компаниясымен уәде етілген лифт болмағандықтан, бәрі баспалдақты пайдаланып жүр. Осылай жалғаса берсе, бір күні сапасыз салынған баспалдақ та опырылып құлауы мүмкін дейді.

Бақытгүл Қасымова:

Басында лифт болады деп айтқан. Осы қуаныштан жүрегіміз жарылып, «ойбай, әдемі үйге кірдік» деп едік. Қайдағы! Әрбір қабатта осындай бәрі кладовка. Құрылыс компаниясы сатып тастаған. Баламды екі адам көтеріп шығарамыз. Мен аяғынан ұстаймын, қызым екі аяғынан ұстайды. Ыңғайсыз.

Жаңа үйдің ыңғайссыз тұсы бұл ғана емес. Тұрғындар пәтердің терезесі мен есігін шала-шарпы сала салғанын айтады. Ал жаңбыр жауа қалса, төбеден су ағып әбден әбігерге түсіреді.

Айнұр Ерімбетова:

30 млнға алған үйіміздің түрі осы. Қараңызшы, төбемізден су ағады. Оны жолдасым шығып, бір нәрселерді жасады, су ақпасын деп. Бірақ бәрібір жаңбыр жауған сайын өстіп тамып, ағып тұрады. Басқа бөлмелер де осы. Барлық бөлмелердің сыйқы осы. Мына «Абылай құрылыс» уәде етеді-етеді,бірақ орындамайды.

Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстаған құрылыс компаниясының тағы бір уәдесі - орталық жылыту жүйесі. Былтыр жаңа қонысында алғаш қыстап шыққан халық алдағы қыста да жылуға жарымай қаламыз ба алаңдап отыр. 

Амангелді Томирис:

Біз алған кезде автономды деп айтқан. Одан кейін орталыққа қосады деді. Әлі қосылмады. Жылуға айына 50-60 мыңдай шығады. Үйдің іші салқын. Не жағдай жоқ. Терезеден суық кіреді. Созып жатқаны сол, келісімшарт уақытын күтіп жүр.

Ашулы тұрғындар құрылыс компаниясы жауаптан жалтарып кете ме деген қаупі барын жасырмады. Бір жылдан аса әрекетсіз, бос уәдемен уақыт өткізіп келген «Абылай құрылыстың» әрең дегенде мекенжайын таптық. Кеңселеріне барып едік, олар тұрғындарды ғана емес, түсірілім тобын да көргісі жоқ. Бірде есігін тарс жауып алды, енді бірде тұрғындармен байланысын үзген Аман есімді азамат амандық сұрасқанда қашып, қуыс-қуысқа тығылып жүрді. Ақыры жүзін көрсетпеген компания өкіліне тұрғындардың талабын жеткізіп, сұрағымызға жауап алдық.

Аман Исин, құрылыс компаниясының өкілі:

Бес қабатты үйде лифт болмайды. Олар буклеттен көрдік дейді. Жоқ, басынан бастап болған жоқ. Лифт шахтасы тұр ғой. Оны сатып жіберді дейді тұрғындарға. Төбесі ағып отыр. Оның барлығын істеп береді. Бір жарты айдың ішінде. Подносы жоқ дейді. Оның бәрін істеп береді. Шағым жазсын.

Мәселе арыз-шағыммен бітпейтін сыңайлы. Сондықтан Привокзальный тұрғындары соттасуға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде