{metadescription}
1200 астаналық қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл төлеген
1200 астаналық қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл төлеген

1200 астаналық қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл төлеген

1200 елордалыққа қоғамдық орында түкіргені үшін 19 млн теңге айыппұл салынған. Бұл жыл басынан бергі статистика.

19 млн теңгенің тек бес миллионы ғана өндіріліпті. Қалғаны қарызын өтеуге әзір асығар емес дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындар мен көшелерде түкіргендерді бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.

Заң бұзушылықтың басым бөлігі базар маңынан тіркеліпті. Естеріңізде болса, бір жыл бұрын қабылданған заң бойынша, қазақстандықтарға көпшілік орындарда түкіріп, қоқыс тастауға тыйым салынған. Ол үшін 16 мың теңге айналасында айыппұл белгіленді.

Алғашқылардың бірі болып заңнан аттаған мәжілісмен Ерлан Сайыров болатын. Ол тікелей эфирде сұхбат беріп тұрып түкіргені үшін айыппұл арқалаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде