Қалалар мен аудан әкімін сайлау 5 қарашаға белгіленді
Облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімін сайлау 5 қарашаға белгіленді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы науқанға дайындықты бастап кеткенін айтты.
Автор: Айжан Шамшидин
14.09.2023
Бұл күні Қазақстан халқы үш облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін сайлайды. Үміткерлерді ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін талапқа сай болғанын тіркеу басталады. Саяси дода алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн беріледі. Ал дауыс беру қорытындысы бір аптаның ішінде, яғни 11 қарашадан кешіктірілмей жариялануға тиіс.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- 17 облыстың мәслихаттары пилот режимде өткізуге 45 облыстық маңызы бар қала тізімін бекітті. Оның ішінде 3 қала және 42 аудан. Сайлау күнін де белгіледі. Мәслихаттар қабылдаған шешім негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімін сайлау қарашаның бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!