Ақтөбеде жасөспірім көршісінің сарайында асылып қалған
Ақтөбеде мектеп оқушысы өзіне қол салды. 16 жастағы жасөспірімнің өлі денесін жақындары көршісінің сарайынан тауып алған.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.09.2023
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
11-сыныптың оқушысы бір күн бұрын кешке үйінен шығып кетіпті. Сол бойы қайтып келмен соң, туыстары іздеу салған. Тәртіп сақшыларынан бастап, туыстары мен марқұмның достары бір күн бойы оқушыны шарқ ұрып іздеген. Сөйтсе жасөспірім көршісінің сарайына барып асылып қалған. Оның өмірден баз кешуіне не себеп болғанын ешкім білмейді. Ол отбасының кенжесі екен. Өмірі ашық-жарқын жүретін, оқуда үлгерімі жақсы оқушының біреуге өкпелеп немесе күйзеліске түскенін ұстаздары да, достары да көрген жоқпыз дейді.
Айсұлу Жақсыбаева, Ақтөбе №8 мектебінің директоры:
- Бала өте ашық болды. Жарқын бала. Осы мектеп ашылғалы оқып жатыр, бірінші сыныптан бастап. 11-сынып оқушысы. Өте ашық. Үлгерімі жақсы, жан-жақты бала болды. Оқу басталғалы екі апта. Сабақтан қалған жоқ. Тұрақты сабаққа келіп жүрді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!