{metadescription}
Ақмола облысында әділдік іздеген бір топ шаруа Астанаға аттанды
Ақмола облысында әділдік іздеген бір топ шаруа Астанаға аттанды

Ақмола облысында әділдік іздеген бір топ шаруа Астанаға аттанды

Ақмола облысындағы бір топ шаруа әділдік іздеп Астанаға жол тартты. Себебі: мал жаятын ұлтарақтай жер алу үшін жылдап кезек күтіп, әкімдік өткізетін байқауларда жеңіліп қала береді екен.

«Арнайы комиссияның бармақ басты,көз қысты әрекетінен шаршадық» деген шарасыз шаруалар бұған дейін антикор мен облыс әкіміне дейін шағымданған. Бірақ тұщымды жауап болмапты. Салы суға кеткен азаматтар «Аманат» партиясынан араша сұрап отыр.

Кеше ғана Есіл ауданы әкімдігінде жер комиссиясы өтініштерді қарап, жеңімпаздарды анықтаған. Бұл осымен биыл үшінші мәрте өткен отырыс екен. Шағын шаруашылықпен айналысатын Ербол Хамзин осы жолы жайылым жер аламын деп шынымен үміттеніпті. Бірақ тағы да мыңдаған гектар егістік алқабы бар, кәсібі дүркірегендер жеңіп шығыпты. Бұндай байқауларға қатысып жүргеніне 7 жылдан асқан. «Әділдік жоқ» деп ашынған ол Астанаға бірақ тарттты.

Ербол Хамзин, шаруа:

Кеше ғана конкурс болғанү Барсам, мыңдаған гектары барлар алып жатыр. Біздің бір гектар жеріміз жоқ, әлі жүрміз. Қанша малымыз бар, үйдің жанында бағып отырмыз. Баяхметов, Жер комиссияның бәрі, бір бірімен байланыста. Облыс әкіміне жаздым, жемқорлыққа қарсы агенттікке жаздым, олардың ешбірінен жауап жоқ.

Малын жаятын жер таппай жүрген Ербол жалғыз емес. Ауылда төрт түлік асырап жайылым таба алмай жүрген бірнеше кәсіпкер Астанаға бірге келген. Айтуларынша, егістік алқабы барлар жайылымға қарамай, елдің іргесіне дейін егін сеуіп тастаған. Өйткені әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, дейді шаруалар. Ал комиссиядағылар бұлар конкурста балл жинай алмағанын алға тартады.

Асқарбек Мақсұман, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

Кейінгі соңғы үш конкурста Хамзин Ербол өз атынан өтініш берді. Соңғы конкурсты алсақ, 20 өтініш түсті. Ол жерде балл қойылады. Ашық дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады. Хамзин Ербол өтпей қалды. Өйткені басқа қатысқан өтініштердің ішінде инвестиция жобалары күштірек болды.

Астанаға дейін жеткен ашулы топтағы басқа кәсіпкерлерді аудан әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі Асқарбек Мақсұман мүлдем танымаймын дейді. «Өтініш беріп көрмеген» деп отыр.

Ашынған кәсіпкерлердің арызын енді республикалық комиссия қарайды.

Ардан Аралбай, «Аманат» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

Осы мәселе күні кеше ғана келді. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлығы өткеннен кейін пікірімізді бере аламыз. «Жер аманат» комиссия құрып, Есіл ауданына барып, құзырлы органдармен тексеріс жүргізгеннен кейін шешімін айтамыз.

Есіл ауданында 711 мың гектар алқапты қазір түрлі серіктестіктер пайдаланып отыр. 25 мың гектар жайылым жер бар екен. Енді арнайы комиссия құзырлы органдармен бірлесіп, сол жер телімдерін кімнің, қалай иеленгенін майшаммен қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде