{metadescription}
Судың жұмсалуын қадағалайтын цифрлық жүйе енгізіледі
Судың жұмсалуын қадағалайтын цифрлық жүйе енгізіледі

Судың жұмсалуын қадағалайтын цифрлық жүйе енгізіледі

2029 жылға дейін жаңа 25 су қоймасы салынады. Оның тоғызы үш жылдың ішінде қолданысқа берілуге тиіс. Өз алдына тұтас министрлік болып қайта құрылған су ресурстары ведомствосы елдегі су саясатын реттеу мақсатында алдағы уақытта тарифтер де қайта қаралуы мүмкін дейді.

Биыл ағын судың көлемі 50 жылда болмаған көрсеткішке төмендеп шаруаларды әбден титықтатып қойды. Бір ғана Жамбыл облысында биылғы құрғақшылықтан келген шығын көлемі 3 млрд теңгеден асып жығылды. Еліміздегі судың 40 пайызы көршілерден келетінін ескерсек, алдағы уақытта қасықтай суға зәру боп қалмасымызға кепілдік жоқ. Кей ғалымдар тіпті 10-15 жылда сусыз қаламыз деп дабыл қағуда.

Сергей Пономарев, Мәжіліс депутаты:

Біз Ресей және Қырғызстанмен келісімге келе аламыз делік. Ал Қытаймен бір байламға келу қиындау. Өйткені бұл ел трансшекаралық өзендер туралы конвенцияға қол қойған жоқ. Олар Шыңжаң Ұйғыр автономиялық округін белсенді дамытуда. Ал бұл өз кезегінде суармалы суды көбірек жұмсайды деген сөз.

Сырттан келетін су жайы белгілі. «Енді өзіміздің ел ішіндегі су саясатын реттеуді кешіктірмей қолға алуымыз керек» - дейді мамандар. Таяуда президент те суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеуді тапсырған.

Лаура Мәлікова, эколог:

Жер үсті суларынан бөлек, бізде жарасты суы бар. Жерасты суының қоры көп деп, халықаралық мамандар айтып жатыр. Дегенмен оның сапасы бізге беймәлім. Іштегі суды алып қарайтын болсақ, ең көп суды көп пайданатын  күріш алқаптары, мақта егетіндер. 2020 жылы экология министрлігі қалпын әкелген кезде күріш алқаптарын қысқарту юойынша бастама болды. Кейін ол оқтап қалды. Күріш егетііндерге компенсацияны қарастыру керек. Содан кейін мемлекеттік саясатты әрі қарай жүргізу керек. Ертен сусыз отырсақ, күрішшілер қарсы шықты екен дейді,бүкіл ел болып.

Күнделікті қолданыста да тіршілік нәрінің шеті мен шегі жоқтай оңды-солды ысыраптаймыз. Біріккен ұлттар ұйымы зерттеулері көрсеткендей, Қазақстанда өнеркәсіптен бастап, көлік жуушыға дейін суды үнемдемейді.

Микаэла Фриберг-Стори, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:

Біз Қазақстанның орташа индикаторларға қарағанда суды көбірек пайдаланатынын көріп отырмыз. Бұл дегеніміз, адамдар тісін тазалаған кезде суды көп жұмсайды дегенді білдірмейді. Бұл кәсіпорындарда көп су жұмсалады деген сөз. Сонымен қатар тұтынушыға барар жолда ысырап болады.

Өз алдына министрлік ретінде бөлініп шыққан cу ресурстары министрлігі 2029 жылға дейін 25 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Ал алдағы үш жылда оның тоғызы пайдалануға берілуі тиіс. 

Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары:

Енді осыған байланысты негізі бағыт суару жүйелеріндегі су шығынын азайту. Бізде жылданжылға аз су ресурсын тиімді пайлану үшін апатты қоймаларын кезең-кезеңімен жөндеу керек. Суару каналдарын жыл сайын қалпына келтіру керек.

Су қоймалары Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында салынады. Сонымен қатар жаңа министрлік су тарифін қайта қарап, оның жұмсалуын қадағалайтын цифрлық жүйе енгізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде