{metadescription}
1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталады
1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталады

1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталады

Елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталады. Ол үшін Ресейде өндірілген вакцинаның 2 миллион 400 мың дозасы сатып алынған. Бұл еліміздегі тегін екпе алатындардың барлығына жетеді дейді мамандар.

Вакцина өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілді. Екпе бірінші кезекте балалар мен қарттар үйіндегі тұрғындарға және оларға қызмет көрсеушілердің барлығына тегін салынады. Диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балалар мен үшінші триместрдегі жүкті әйелдер де осы тізімге енген. Аурухана мен емханаларда науқастармен үнемі жұмыс жасайтын медицина қызметкерлеріне де екпе жасалады. Мамандар нұсқау бойынша тұрғындардың 10 пайызына тұмауға қарсы екпе егуді жоспарлап отыр. Алайды биыл тұмау жұқтыру көрсеткіші артқандықтан, вакцинаны артығымен алуға шешім қабылданыпты.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Эпидемиологиялық жағдайдың өсімі есепке алынып, вакцинаның көлемі ертерек уақытта болжаммен анықталған. Жыл сайын егуге тиіс адам саны 2 миллион шамасында, биыл былтырға қарағанда көбірек вакцина сатып алынды. Мемлекеттік қаражатқа сатып алынған вакцина тек ақысыз, яғни тегін жүргізілетін контингенттерге ғана жасалынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде