{metadescription}
Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды
Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына бүгін тағы сот үкімі шықты. Тағы дейтін себебіміз, көктемде ғана 8 жыл жаза кесіліп, жазда ол үкімді сот коллегиясы қайта бұзған болатын. Енді бүгін сот Боранбаевты 6 жылға темір торға тоғытып отыр. Сот шешімімен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталған кәсіпкердің мүлкі де тәркіленеді.

Айсұлу Сламбекова, судья:

- Боранбаевтың меншігіндегі Алматы қаласы әлФараби көшесінде орналасқан құны 686 млн теңге болатын коммерциялық нысан мен жер учаскесі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге және «Қазақстан Халық банкі» АҚ шотындағы 5 685 727 доллар, 1 170 329 доллар, 775 859 601 теңге, 193 170 137 теңге мемлекет пайдасына тәркіленеді.

Сондай-ақ, "Құрмет", "Ерен еңбегі үшін", "Парасат" және ІІІ дәрежелі "Барыс" мемлекеттік наградаларын да қайтаруы тиіс. Ал Боранбаевпен ым-жымы бір деп айыпталған «АзияГазЧунджа» компаниясының бұрынғы төрағасы Роман Наханов 6 және Qazaq Gaz компаниясы төрағасының орынбасары Тайыр Жанұзақ 5 жылдан арқалады. Үкімге сәйкес, бұл үшеуі өмір бойы мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында, квазимемлекеттік секторда істеуге болмайды. Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Осылайша, сот алқасы кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасаған Қайрат Боранбаевтың үкім мерзімін 8 жылдан 6 жылға қысқартып отыр. Мемлекеттік айыптаушының соттан сұрағаны да сол еді. Айта кетейік, күні кеше Қаржы мониторингі агентігі Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарып, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударғанын мәлімдеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде